Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Мектеп асханаларындағы тазалыққа, қауіпсіздікке баса мән беру қажет – Нұрдәулет Қилыбай
    Жаңалықтар

    Мектеп асханаларындағы тазалыққа, қауіпсіздікке баса мән беру қажет – Нұрдәулет Қилыбай

    SalemnewsSalemnews31.07.202572 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Сауда және интеграция министрлігі

    Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен аппараттық жиын өтіп, онда білім сапасын арттыру мәселелері кеңінен қаралды, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Тоғыз мектеп пайдалануға беріледі

    Кеңес барысында облыстық білім басқармасының басшысы Амантай Кумбаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстауға жасаған жұмыс сапары кезінде берген тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде баяндама жасады.

    Амантай Кумбаевтың айтуынша, республика бойынша білім беру сапасын арттыру мақсатында барлық типтегі мектептер үшін бірыңғай стандарт әзірленуде. Бұл бағытта ауыл мектептерінің әлеуетін арттырып, білім алушыларға тең мүмкіндік жасау мақсатында «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы қолға алынып, 2025–2026 оқу жылына арналған жол картасы дайындалған.

    «Биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 8100 оқушыға арналған 9 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Сонымен қатар Жаңаөзен қаласы мен Түпқараған ауданында мектептерді кеңейту бойынша қосымша құрылыс жүргізілуде. Жаңаөзендегі мектептің кеңеюі нәтижесінде қалада үш ауысымды оқыту мәселесі толық шешімін табады. Түпқараған ауданында да жаңа мектептің ашылуымен үш ауысымды мектеп жойылады», — деп жазылған хабарламада.

    Балабақшамен 100 пайыз қамтылған

    Бүгінде аймақта 3–6 жас аралығындағы балалардың балабақшамен қамтылу 100%-ға жетті.

    «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға қолдау көрсету мәселесі де назарда. Қазіргі таңда облыста мектепке дейінгі жастағы 3543 бала тіркелген. Оларға 21 арнайы білім беру ұйымы және жалпы білім беретін мектептердегі инклюзивті сыныптар қызмет көрсетуде», — дейді әкімдік.

    Сонымен қатар Президент әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес, оқу-ағарту министрлігі тарапынан жылына екі рет облыс мектептерінде тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізілуде.

    Оқушылар жұмысшы мамандығын меңгерді

    Техникалық және кәсіптік білім беру саласында өңірде 25 колледж жұмыс істейді. 2024–2025 оқу жылында екі колледж базасында жоғары сынып оқушыларына арналған пилоттық жоба іске қосылып, 105 оқушы жұмысшы мамандығын меңгеруге қабылданды. Биыл ақпанда осы жобамен оқуға түскен 66 мектеп оқушысы білімін сәтті аяқтады. Олар аттестатпен қоса колледж дипломын да алады.

    Жиынға қоғамдық және үкіметтік емес ұйым өкілдері де қатысып, білім саласын жетілдіруге қатысты ұсыныстарын жеткізді.

    Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай білім беру саласындағы бірқатар маңызды мәселелерге тоқталып, қала, аудан әкімдері мен басқарма басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

    «Ұсыныстар толық қолдау табады. Ең алдымен, ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған балабақшалар салу мәселесін жедел қарастырыңыздар. Мектеп асханаларындағы тазалыққа, мектеп ішіндегі қауіпсіздікке баса мән беру қажет. Сонымен қатар оқушыларды IT мен робототехникаға қызықтыру арқылы шығармашылық дағдысын қалыптастырып, жаңа сала түрлерін үйренуге бейімдеу керек. Ұстаз мәртебесін арттыру, мұғалімге еркіндік беру, ата-анамен байланыс, мектептегі тәрбиелік жұмысты күшейту де күн тәртібінен түспеуі тиіс», – деді Нұрдәулет Қилыбай.



    асхана Мектеп тазалық
    Previous ArticleВедомствоаралық кеңес өтті
    Next Article Жаңалықтар
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.