Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Туристер ChatGPT-дің кесірінен тауда қалып қойған
    Жаңалықтар

    Туристер ChatGPT-дің кесірінен тауда қалып қойған

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова15.07.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: depositphotos.com


    Польшадағы Татра тауларында Литвадан келген ерлі-зайыпты ChatGPT ұсынған бағытпен жүріп, қауіпті жартасты аймақта қалып қойған. Оларды құтқарушылар тікұшақпен эвакуациялады, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    TVN24 журналисі Мацей Станиньскийдің айтуынша, туристер жорық кезінде жолды қысқарту үшін жасанды интеллект чатынан кеңес сұраған.

    Нейрожелі оларға Бес поляк көлі алқабына Свиницка полка арқылы жетуді ұсынған. Алайда саяхатшылар белгіленген туристік соқпақтан шығып кетіп, Свиницка шыңының солтүстік беткейіндегі күрделі альпинистік аумаққа тап болған.

    «Бұл бағыт оларды ашық әрі өте қауіпті жартасты жерге алып келген. Өз бетімен шығу мүмкін болмағандықтан, туристер TOPR құтқару қызметіне хабарласуға мәжбүр болды», – деді журналист.

    Ерлі-зайыпты Небеска Турня жартасының түбінде қалып қойған. Құтқарушылар бұл аумақтың қарапайым туристік бағытқа жатпайтынын және арнайы альпинистік дайындықты қажет ететінін атап өтті.

    Оқиға болған күні ауа райы қолайлы болғандықтан, құтқарушылар туристерді тез тауып, екеуін де тікұшақпен Закопане қаласына жеткізді.

    Алдын ала мәлімет бойынша, саяхатшылар зардап шекпеген.

    Previous Article«Таза Қазақстан»: Атырауда экологиялық интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылды
    Next Article Хайп қуамын деп дипломын жыртқан түлек қамауға алынды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.