Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Таза Қазақстан»: Атырауда экологиялық интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылды
    Жаңалықтар

    «Таза Қазақстан»: Атырауда экологиялық интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова15.07.202611 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында Атырауда жастардың экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Eco Quiz» интеллектуалдық сайысы ұйымдастырылды. Зияткерлік додаға 65-ке жуық оқушы мен белсенді жас қатысты, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Қатысушылар 13 командаға бөлініп, экология, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды сақтау және «Таза Қазақстан» бастамасына қатысты сұрақтарға жауап берді. Бірнеше кезеңнен тұрған сайыс барысында олардың білім деңгейі, логикалық ойлау қабілеті мен командада жұмыс істеу дағдылары бағаланды.

    Сайысты «Атырау облысы Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты қорғау мәселелеріне қызығушылығын арттыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарау қағидаларын дәріптеу.

    Ұйымдастыру бөлімінің басшысы Әли Төлегеннің айтуынша, мұндай бастамалар жастардың экологиялық жауапкершілігін арттырып, табиғатқа жанашыр көзқарас қалыптастыруға әрі өңірдегі экологиялық мәдениетті дамытуға ықпал етеді.

    Previous ArticleАқтөбе облысында хабар-ошарсыз жоғалып кеткен 3 тұрғын іздестіріліп жатыр
    Next Article Туристер ChatGPT-дің кесірінен тауда қалып қойған
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.