Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Тоқаев сыйға тартылған тұлпарларды арнайы барып көрді
    Жаңалықтар

    Тоқаев сыйға тартылған тұлпарларды арнайы барып көрді

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова03.05.202641 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: БОРТ1

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мамыр мерекесінде әр жылдары сыйға тартылған тұлпарлардың күтімін көріп қайту үшін Президент Іс басқармасының атқорасына арнайы барды. Бұл туралы БОРТ №1 хабарлады. 

    Президент бір жыл бұрын Ақалтеке тұқымынан туған қылаң боз тайды Ақжан деп атаған еді. Шоқтығы биік, қаз мойын, қамыс құлақ, денесі сылыңғыр, көзі тау суындай тұп-тұнық, жүрісі паң, өте есті жануар екені бүкіл болмыс-бітімінен байқалып тұрады.

    Ақалтеке тұқымына жататын арғымақтардың қатарына бірнеше ай бұрын құла түстес құлын да қосылды. Мемлекет басшысы оған Ақниет деп ат қойды. Аттың сынын жақсы білетін мамандар келешекте халықаралық жарыстарда топ жаратын тұлпар болады деп бағалап отыр.

    Сонымен қатар Президент Іс басқармасының атқорасында жақында Қатар елінен сыйға келген арабы арғымақтар да бар.

    Қасым-Жомарт Тоқаев арасында осында келіп, жылқыларға өз қолымен жем беріп тұрады.

    Previous ArticleАстана тұрғыны әйелін жұрттың көзінше сабаған
    Next Article Алматыда мал ұрлығымен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.