Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Алматыда мал ұрлығымен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды
    Жаңалықтар

    Алматыда мал ұрлығымен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова03.05.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Gov.kz

    Алматы облысының полицейлері Қарасай және Ұйғыр аудандарында мал ұрлығымен айналысқан екі бірдей қылмыстық топты қолға түсірді. Күдікті азаматтар қазіргі уақытта қамауға алынған, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Тергеу барысында екі топтың да бірдей әдіспен жұмыс істегені белгілі болды. Олар далада иесіз жайылып жүрген малды таңдаған. Малды күре жолдардың маңына айдап әкелген. Кейін жол бойында дайын тұрған жүк көліктеріне тиеп, басқа аудандарға жөнелткен. Сонымен қатар ұрланған малды жергілікті тұрғындарға сатып отырған.

    Қылмыстық топтардың әрекетінен шаруаларға орасан зор материалдық шығын келген. Полиция анықтаған деректерге сүйенсек, ұсақ мүйізді малдың 69 басын ұрлап, 7 млн теңгеден астам сома шығын келтірсе, ірі қара малдың шығын құны 20 млн теңгеге жуықтаған. 

    Ішкі істер министрлігі мал ұрлығы үшін жазаның қатаң екенін ескертеді. Қазақстан заңнамасына сәйкес, бұл қылмысты жасағандардың мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

    Қазіргі уақытта ұсталған тұлғаларға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

    Previous ArticleТоқаев сыйға тартылған тұлпарларды арнайы барып көрді
    Next Article Павлодар облысында хабар-ошарсыз кеткен ер адам табылды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.