Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Тазы лигасы — 2025»: Жүйрік тазылар жарысты
    Жаңалықтар

    «Тазы лигасы — 2025»: Жүйрік тазылар жарысты

    SalemnewsSalemnews29.06.2025372 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Бүгін Ақмола облысы Ақжар ауылында қазақтың тазы тұқымын насихаттауға бағытталған «Тазы лигасы – 2025» атты ауқымды жарыс өтті, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, аграрлық мәселелер жөніндегі комитет төрағасы, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев және Мәжіліс депутаттары Жигули Дайрабаев, Қарақат Әбден, «Ауыл» партиясының Жастар қанаты, қоғам белсенділері, тазы асыраушылар қатысты. Ерекше сайысты мыңнан астам адам тамашалады. 

    Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев бұл жарыс «Ауыл» партиясының 25 жылдығына орай және қазақтың ұлттық брендін һәм құндылығын дәріптеу мақсатында жүзеге асқанын атап өтті. 

    «Қазақ үшін тазы жеті қазынаның бірі. Бұл жай ғана сөз емес, ата-бабамыздан келе жатқан терең таным, халқымыздың бай мәдениетінің, соның ішінде аңшылық өнерінің ерекше символы. Біз осы табиғаттың бірегей жаратылысын сақтап, келер ұрпаққа аманат етіп қалдыруымыз керек. Осы бағыттағы жұмыстарды бір жүйеге келтіруіміз қажет. Бүгінгі іс-шара тазыны тек Қазақстанда ғана емес, шет елдерге де таныту, ұлттық брендті әрі ұлттық спортты – тазы жарысын халықаралық деңгейге шығару жолындағы маңызды қадам», — деді депутат. 

    Жарысқа 220-дан астам тазы қатысты. Жүлде қоры – 2 200 000 теңге.

    Тазы иелері арасында бірінші орынды Астана қаласынан келген Мұрат Мансуров жеңіп алды, екінші орынды Қарағанды қаласынан қатысқан Азамат Төкешов иеленді. Үшінші орын да Қарағанды қаласынан келген тазы асыраушыға – Нұрдәулет Мырзахановқа бұйырды.

    Ұрғашы тазылардың жарысында Қарағанды қаласының тұрғыны Қазбек Абдрахмановтың иті бірінші келді. Павлодар қаласынан қатысқан Диас Мұқашевтың жүйрігі екінші орын алды. Ал үшінші орынды Қарағанды қаласынан келген Жан Төлеуов еншіледі.

    2025 Ақмола облысы Жарыс
    Previous ArticleҚАЛАМГЕРЛЕР АРАСЫНДА ТАРТЫСТЫ ТУРНИР ӨТТІ
    Next Article Қазақстандық оқушылар АҚШ-тағы байқауда жеңіске жетті
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.