Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»ҚАЛАМГЕРЛЕР АРАСЫНДА ТАРТЫСТЫ ТУРНИР ӨТТІ
    Жаңалықтар

    ҚАЛАМГЕРЛЕР АРАСЫНДА ТАРТЫСТЫ ТУРНИР ӨТТІ

    SalemnewsSalemnews28.06.2025102 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Қызылорда қаласында боулинг пен бильярдтан турнир ұйымдастырылды, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Турнирдің ашылуында Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Омаров сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. 

    Боулингтен турнир нәзік журналист қыздарымыздың тек қалам шебері емес, спорт алаңындағы да нағыз көшбасшы екенін көрсетті.

    Бұл турнирде «Кызылординские вести» газеті — ерекше дәлдігімен өзгелерден оқ бойы озық шығып, І орын иеленді. «Қоғам ТВ» телеарнасы сенімді ойын өрнегімен ІІ орынды қанжығасына байлады. «Қызылорда» облыстық телеарнасы сәтті тактикасы мен ұйымшылдығының арқасында ІІІ орынға ие болды. Ал, ынталандыру қаржылай сыйлығы Opennews.kz сайты мен «Халық» газетіне табыс етілді. 

    Бұдан бөлек, ақпарат саласындағы ер азаматтар бильярдтан өзара бақ сынасып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша І орынды «Қоғам тв» телеарнасының телебағдарлама дизайнері Батыршаев Ержан, ІІ орынды «Қазақстан» ұлттық телеарнасының облыстағы меншікті тілшісі Әділбек Жақанов, ІІІ орынды ардагер журналист Дүйсенбек Аяшұлы және «Қызылорда» облыстық телеарнасының қоюшы режиссері Әлібаев Жангелді иеленді.

    Сонымен қатар, ерекше ойын көрсетіп, жақсы нәтижеге қол жеткізген «Халық» газетінің тілшісі Жахман Рыскелді мен «Хабар» телеарнасының меншікті тілшісі Нұрлан Жақыпбековке және «Qyzylorda» телеарнасының тілшісі Қозы-Көрпеш Жасаралұлына ынталандыру қаржылай сыйлығы табыс етілді.

    Жеңімпаздарға лайықты құрмет көрсетіліп, келесідей қаржылай сыйақылар табысталды:

    І орын — 100 000 теңге

    ІІ орын — 80 000 теңге

    ІІІ орын — 50 000 теңге.

    Бұл турнирлер тек спорттық дода ғана емес, әріптестер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға, өзара қолдау мен түсіністікті арттыруға бағытталған игі шара болды.

    боулинг қаламгерлер Турнир
    Previous ArticleБүгін – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні
    Next Article «Тазы лигасы — 2025»: Жүйрік тазылар жарысты
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Астанадағы өрттен қаза тапқан үш баланың анасы есін жиды

    17.04.2026

    Өзбекстанда Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған кеш өтті

    17.04.2026

    Баян Алагөзоваға «Қыз Жібек» фильміндегі кейіпкердің камзолы сыйға берілді

    17.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 615 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 631 Views

    Карбоновое земледелие: выход ли для климатических проблем Казахстана?

    17.12.20255 469 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.