Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Таза бейсенбі» – Тасбөгетте: жастарды біріктірген акция
    Жаңалықтар

    «Таза бейсенбі» – Тасбөгетте: жастарды біріктірген акция

    SalemnewsSalemnews21.05.202642 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Қызылордада «Таза бейсенбі» акциясы Тасбөгет кентіндегі Байқадам каналының жағалауы мен сол маңдағы тұрғын үйлер аулаларында ұйымдастырылды.

    Экологиялық шараға Amanat  партиясының облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай, атқарушы хатшы Ләйлә Төрешова, партияның облыстық филиалы жанындағы экологиялық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдары, «Жастар Рухы» жастар қанаты және қоғам белсенділерінен құралған 100-ге жуық азамат қатысты.

    Шара барысында қатысушылар канал бойы мен аулаларды қоқыстан тазартып, санитарлық жұмыстар жүргізді.Партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай акцияның маңыздылығына тоқталып өтті.

    «Бүгінгі шараны өткізу туралы Тасбөгет кентінің тұрғындарынан өтініш түскен болатын. Азаматтардың ұсынысын қолдап, тұрғындарды жұмылдыра отырып, осы аумақта тазалық жұмыстарын ұйымдастырдық. «Таза Қазақстан» – қоршаған ортаға жанашырлық танытып, туған жердің тазалығына әр азаматтың жауапкершілікпен қарауын көздейтін маңызды бастама. Осындай шаралар арқылы қоғамда экологиялық мәдениет қалыптасады деп сенеміз», – деді Жандос Базартай.

    Кент тұрғындары атынан өтініш білдірген қоғам белсендісі Жасұлан Жакупов өтініштің назарға алынып, қолдау көрсеткен «AMANAT» партиясына ризашылығын білдірді.

    «Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселенің ескерусіз қалмай, қысқа уақытта қолдау табуы – елмен тығыз байланыста жұмыс істеудің көрінісі. Осындай тазалық шаралары тұрғындарды ортақ іске жұмылдырып, туған жерге деген жанашырлықты арттырады», – деді ол.

    Айта кетейік, Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты Тасбөгет кентінде «Сабалақ» саяжайы мен Иіркөл ауылын қоса алғанда шамамен 30 мыңға жуық тұрғын тұрады.

    Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында аманаттықтар сенбіліктерден бөлек, апта сайын «Таза бейсенбі» акциясын тұрақты түрде өткізіп келеді. Игі шараның басты мақсаты тұрғындарды тазалық мәдениетіне үндеп, қоршаған ортаны күтіп ұстауға қоғам назарын аудару.

    Қамысқала Қызылорда
    Previous ArticleБүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды
    Next Article Следующая запись
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.