Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»
    Жаңалықтар

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова22.05.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Polisia.kz


    Ішкі істер министрлігі ата-аналар мен балаларды шомылу маусымында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    • Құрметті ата-аналар мен заңды өкілдер! Жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігі Ішкі істер министрлігінің басты назарында. Полиция ата-аналарды кәмелетке толмағандарға рұқсат етілмеген және қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жерлерде шомылуына жол бермеуге шақырады.

     Белгіленбеген жерлерде суға түсу ӘҚБтК-нің 364-бабына сәйкес ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу болып табылады және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

    Қазір өңірлерде жасөспірімдердің суға абайсыздан бату салдарынан қайғылы жағдайлар тіркелуде.

    Осыған байланысты судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажет. Оларды елемеу ауыр салдарға әкелуі мүмкін.

     Сонымен қатар жаз мезгілінде құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Ішкі істер министрлігі «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізеді. Жасөспірімдердің түнгі уақытта қараусыз жүруінің алдын алу жұмыстары күшейтіледі.

    Осы орайда ІІМ ата-аналарды балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, олардың қауіпсіз әрі жауапты демалысын қамтамасыз етуге шақырады.

    Құқық бұзушылық фактілері анықталған немесе оларға куә болған жағдайда 102 нөміріне хабарласуыңызды өтінеміз, — деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Ботакөз Жалекешова.

    Previous Article«Таза бейсенбі» – Тасбөгетте: жастарды біріктірген акция
    Next Article Ақтауда артық майдан арылғысы келіп ота жасатқан депутат көз жұмды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.