Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Таза Қазақстан»: Жамбыл облысында 600-ге жуық бұлақ зерттелді
    Жаңалықтар

    «Таза Қазақстан»: Жамбыл облысында 600-ге жуық бұлақ зерттелді

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова03.09.202602 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметінің мамандары Жамбыл облысындағы бұлақтарды зерттеу және түгендеу бойынша далалық жұмыстар жүргізді. Бұл іс-шаралар Қазақстан Республикасындағы бұлақтардың бірыңғай деректер базасын қалыптастыру аясында жүргізіліп жатыр. Елде алғаш рет бұлақтарды түгендеумен қатар, әрбір табиғи су көзі бойынша жүйеленген мәліметтерді қалыптастыра отырып, оларды паспорттау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Далалық жұмыстар барысында өңірдегі 574 бұлақ зерттелді. «Қазгидрогеология» мамандары бұлақтардың санитариялық және техникалық жағдайына бағалау жүргізіп, олардың координаттарын нақтылады, гидрогеологиялық бақылаулар жүргізді және зертханалық зерттеулер үшін су сынамаларын алды. Зерттеу нәтижелері бойынша бұлақтардың орналасқан жері, жағдайы, гидрогеологиялық сипаттамалары және су сапасы туралы негізгі мәліметтер қамтылатын паспорттар әзірленіп жатыр. Алынған деректер табиғи су көздері туралы мәліметтерді өзектендіруге және оларды одан әрі есепке алып, мониторинг жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    «Келесі жылы Алматы облысында 600-ге жуық бұлақты зерттеу, ал 2028 жылы Жетісу облысында шамамен 500 бұлақты зерттеу жоспарланып отыр. Бұлақтарды жүйелі түрде паспорттау жұмыстары алғаш рет жүргізіліп жатқанын атап өткен маңызды. Жүргізіліп жатқан жұмыс бұлақтардың жай-күйін жақсы түсінуге, оларды сақтау бойынша уақытылы шаралар қабылдауға және олардың әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін заманауи және сенімді деректер базасын қалыптастыру жолымен табиғи су объектілері мен тұщы су көздерін сақтауға бағытталған», — деді «Қазгидрогеология» КЕАҚ басқарма төрағасы Болат Бекнияз.

    Еске сала кетейік, «Таза Қазақстан» — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған ауқымды республикалық экологиялық акция. Жоба қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға және ұлттық экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

    Previous ArticleҚазақстанда 100 теміржол вокзалы жөндеуден өтті
    Next Article «Тазымен ерекше оқиғам бар»: Димаш Құдайберген Президенттің тұлпары және тазысымен түскен суреттерін жариялады
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.