Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қазақстанда 100 теміржол вокзалы жөндеуден өтті
    Жаңалықтар

    Қазақстанда 100 теміржол вокзалы жөндеуден өтті

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова03.09.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 124 теміржол вокзалын реконструкциялау және қайта жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарлама жүзеге асырылуда, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі. 

    Бүгінде 100 нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Жоба жолаушылар инфрақұрылымын кешенді жаңартуға және еліміздің барлық өңірлерінде азаматтар үшін заманауи, қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған.

    Нысандардың техникалық жағдайына қарай қолданыстағы ғимараттарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, кейбір елді-мекендерде жаңа жолаушылар кешендері салынды. Бірқатар нысандарда ғимараттардың аумағы кеңейтіліп, көтергіш құрылымдары күшейтілді, конкорстар салынды, жолаушылар платформалары мен аялдау павильондары қайта жаңғыртылды.

    Қайта жаңғырту аясында барлық нысандарда шатыр мен қасбеттер жаңартылып, кәріз, су, жылу және электрмен жабдықтау, байланыс жүйелері ауыстырылды. Сондай-ақ нысандарда ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, іргелес аумақтар абаттандырылды.

    Вокзалдар заманауи жиһаздармен және навигациялық жүйелермен, желдету және ауа баптау жүйелерімен, бейнебақылау, өрт және күзет дабылдарымен, сондай-ақ кіруді бақылау жүйелерімен жабдықталуда. Қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында интроскоптар мен металл іздегіштер орнатылуда.

    Ерекше қажеттілігі бар жолаушылар үшін кедергісіз орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Вокзалдар пандустармен, лифтілермен және көтергіш құрылғылармен, тактильді навигациямен, қызметкерлерді шақыру түймелерімен, бейімделген санитарлық бөлмелермен және ақпараттық көрсеткіштермен жабдықталуда.

    Вокзалдарды реконструкциялау және қайта жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарлама жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, теміржол инфрақұрылымын жаңартуға және азаматтардың қажеттіліктеріне сай келетін заманауи кеңістік қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Previous ArticleТүркі әлемі фотосуретшілерінің Мажарстандағы тарихи сапары
    Next Article «Таза Қазақстан»: Жамбыл облысында 600-ге жуық бұлақ зерттелді
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Қазақстанда кәсіпкер грант ретінде бөлінген 297 миллион теңгені жымқырып, лизингке көліктер алған

    20.11.2026

    Қазақстанда учаскелік дәрігерлер мен психологтардың жалақасы қаншалықты өседі

    20.11.2026

    Енді қазақстандық салық төлеушілерге алдағы төлемдер туралы автоматты түрде хабарлама келеді

    20.11.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 675 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 647 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.