Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Тасбөгет кентінің дамуы: инфрақұрылым мен кәсіпкерлікке ерекше назар
    Жаңалықтар

    Тасбөгет кентінің дамуы: инфрақұрылым мен кәсіпкерлікке ерекше назар

    SalemnewsSalemnews22.08.2025171 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp
    Фото: қала әкімдігі

    Тасбөгет кентінің әкімі Айдын Тыныштықбай бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өткен баспасөз конференциясында бірінші жартыжылдықта атқарылған ірі жұмыстарды жариялады.

    Инфрақұрылымды дамыту аясында кенттегі жаңа бейіттің қоршау және тегістеу жұмыстары толық аяқталды. Сонымен қатар, 15 миллион теңгеге бірнеше көшенің жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 10 көшеге жарықтандыру орнатылды. Қазіргі таңда 16 тұрғын үйдің шатырын жөндеу және ұзындығы 2,7 шақырым болатын жылу құбырының құрылысы жүзеге асырылуда.

    Сабалақ саяжайында тұрғындардың көптен күткен газ мәселесі оң шешімін тауып, көгілдір отын желісін тарту үшін 3 кезеңнен тұратын жоба іске қосылды. Жобаның жалпы құны – 3 млрд теңге. Қазіргі таңда ішкі газ желілерін тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар, ауыз сумен қамтамасыз ету де толық шешімін тапты.

    Кәсіпкерлікті дамыту да назардан тыс қалған жоқ. Қазіргі таңда кентте 880 кәсіпкерлік нысан тіркелген. Мемлекеттік бағдарламалар аясында 29 тұрғын өз жобаларын қорғап, 72,7 млн теңге көлемінде қаржылай қолдау алды. Бұл кәсіпкерлердің белсенділігін арттырып, жергілікті экономикаға серпін беруде.

    Previous ArticleҚызылордалық кәсіпкер су маржанын өсіру арқылы өңірді дамытуда
    Next Article Баспана мәселесі қашан да өзекті
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.