Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Тарих бізді жеңімпаз деп атайды»: Сабыржан Аққалықов даулы жеңілістен кейін мәлімдеме жасады
    Жаңалықтар

    «Тарих бізді жеңімпаз деп атайды»: Сабыржан Аққалықов даулы жеңілістен кейін мәлімдеме жасады

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова17.06.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    olympic.kz. Суретте: Сабыржан Аққалықов


    Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан әлем кубогында өзбекстандық Жавохир Умматалиевтен жеңілгеннен кейін әлеуметтік желіде жазба жариялап, өз ұстанымын білдірді, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    «Әлі де атқаратын жұмыс көп. Біз өз жолымызды жалғастырамыз. Менің жанымда ең мықты команда және Қазақстан халқының қолдауы бар. Әр жеңіс бірдей мойындала бермейді, бірақ әр сынақ бізді одан сайын шыңдай түседі. Егер бүгін бізді жеңілген деп санаса, ертең тарих бізді жеңімпаз деп атайды. Алға, Қазақстан» – деп жазды Сабыржан Аққалықов.

    Аққалықов пен Умматалиев арасындағы жекпе-жек бүгін Гуйяндағы World Boxing әлем кубогының 80 келіге дейінгі салмақтағы 1/8 финалында өтті. Кездесу төрешілердің шешімімен Өзбекстан өкілінің пайдасына аяқталды – 3:2.

    Сондай-ақ екінші раундта Сабыржан Аққалықовқа төреші нокдаун санады. Бұл нәтиже Қазақстандағы әлеуметтік желі қолданушылары мен спорт қауымдастығы арасында қызу талқыланды. Көпшілік жекпе-жекте әділетсіз төрелік болғанын және чехиялық рефери Станислав Нехваталдың шешіміне қатысты сын айтты.

    Previous ArticleҚарауылтөбеде жаңа өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді
    Next Article Қызылордада жұмысшы мамандықтары қалай насихатталып жатыр?
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.