Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Талсуат ауылдық округінің әкімі Ерлан Бейсенбаев: «Инфрақұрылымды дамыту – тұрғындардың өмір сапасын жақсартудың негізгі тетігі»
    Жаңалықтар

    Талсуат ауылдық округінің әкімі Ерлан Бейсенбаев: «Инфрақұрылымды дамыту – тұрғындардың өмір сапасын жақсартудың негізгі тетігі»

    SalemnewsSalemnews06.07.202625 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Қызылорда қаласына қарасты Талсуат ауылдық округінде соңғы жылдары тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асып келеді. Жол және жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, әлеуметтік саланы нығайту, білім мен спортқа жағдай жасау – ауылдың тұрақты дамуының негізгі бағыттарына айналған. Сонымен қатар жаңа инфрақұрылымдық жобалар әзірленіп, тұрғындардың ұсыныстары негізінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Редакция тілшісі ауылдық округ әкімі Ерлан Бейсенбаевпен сұхбаттасып, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы әңгімелесті.

    – Ерлан мырза, әңгімені жалпы көрсеткіштерден бастасақ. Бүгінде Талсуат ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық ахуалы қандай?

    – Қазіргі таңда Талсуат ауылдық округінде 2503 тұрғын бар. Экономикалық белсенді халық саны – 1266 адам. Оның ішінде 130 адам өзін-өзі жұмыспен қамтыған.

    Биыл жыл басынан бері бес тұрғын тұрақты жұмысқа орналасты. Сонымен бірге «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасы арқылы 13 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. Бұл азаматтардың табысын арттыруға және уақытша жұмыспен қамтылуына мүмкіндік беріп отыр.

    – Мемлекет кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Талсуатта бұл бағыттағы жұмыстар қалай жүзеге асырылуда?

    – Қазіргі уақытта ауылдық округте 189 шағын кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Оның ішінде 174-і – дара кәсіпкер, алтауы – шаруа қожалығы.

    Біз кәсіпкерлердің мемлекеттік бағдарламаларға қатысуына жан-жақты қолдау көрсетеміз.

    Биыл мемлекеттік бағдарламалар аясында жалпы құны 7 миллион теңге болатын бір жоба мақұлданды. Бұл – кілем жуу орталығын қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге бағытталған жоба.

    Сонымен қатар жалпы құны 20,8 миллион теңгені құрайтын тағы екі жоба қаржыландыруға ұсынылды. Оның бірі – асыл тұқымды ірі қара мал басын көбейту, екіншісі – жылыжай ашу жобасы.

    Бұл жобалар ауылда жаңа жұмыс орындарының ашылуына және жергілікті экономиканың дамуына серпін береді деп сенеміз.

    – Білім беру мен жастарды қолдау бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

    – Білім беру – әрқашан басты назардағы салалардың бірі.

    Бүгінде №178 орта мектепте 416 оқушы білім алып жатыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда жоғары көрсеткіш.

    Биыл мектепті 11-сынып бойынша 14 оқушы тәмамдап, оның төртеуі «Алтын белгі», бір оқушы үздік аттестат иегері атанды. Ал тоғызыншы сыныпты аяқтаған 35 оқушының төртеуі үздік аттестат алды.

    Мектепке дейінгі тәрбие беру жүйесі де тұрақты жұмыс істеп келеді. Ауылда бір мемлекеттік және бір жеке балабақша бар. Мемлекеттік «Заңғар» балабақшасында 80 бала тәрбиеленсе, жеке «Алан Орда» балабақшасы толық қуатында жұмыс істеп, 85 баланы қамтып отыр.

    – Денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салалары бойынша қандай жұмыстар жүргізілуде?

    – Денсаулық сақтау саласында №5 қалалық емханаға қарасты ауылдық дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді. Мұнда сегіз медицина қызметкері тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсетіп келеді.

    Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында тұрғындар қажетті медициналық қызмет пен дәрі-дәрмекке қол жеткізіп отыр.

    Мәдениет саласында ауылдық клуб пен кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. Клубта жеті үйірме жұмыс істейді. Оның алтауы балалар мен жасөспірімдерге арналса, біреуі әжелер ансамбліне арналған. Жалпы бұл үйірмелерге 90 адам қатысады. Кітапхана қорында 10 мыңнан астам кітап бар.

    Спортты дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. Талсуат спорт кешенінде каратэ және қазақ күресі секциялары тұрақты жұмыс істейді. Биыл бұл үйірмелерге 120 бала қатысты.

    Жас спортшыларымыз қалалық, облыстық және республикалық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр. Сонымен қатар ауылда балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін үш ойын алаңы жұмыс істейді.

    – Әлеуметтік қолдау бағытында қандай жұмыстар атқарылуда?

    – Биыл тоғыз аз қамтылған отбасыға жалпы сомасы 1 миллион 581 мың теңгеден астам атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

    Әлеуметтік қолдау шаралары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Біздің басты міндетіміз – қолдауды қажет ететін азаматтарды мемлекет қамқорлығымен қамтамасыз ету.

    – Ауыл шаруашылығы – Талсуат үшін маңызды салалардың бірі. Бұл бағыттағы көрсеткіштер қандай?

    – Иә, ауыл шаруашылығы округ экономикасының маңызды бөлігін құрайды.

    Биыл 42,2 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде картоп, көкөніс және бақша өнімдері бар.

    Қазіргі таңда ауылдық округте жалпы 2584 бас мал тіркелген. Оның ішінде ірі қара, қой, ешкі, жылқы, түйе және шошқа өсіріледі.

    Бұл бағытта жеті шаруа қожалығы тұрақты жұмыс істеп келеді.

    – Биыл инфрақұрылымды дамыту бағытында қандай жұмыстар жүзеге асырылды?

    – Инфрақұрылымды дамыту – тұрғындардың өмір сапасын жақсартудың негізгі тетігі. Биыл Құмкөл, Атырау, Ақмешіт және Сағадат Нұрмағамбетов көшелеріне жалпы құны 49,5 миллион теңгеге жуық қаражатқа жаяу жүргіншілер жолы салынды. Сығанақ көшесіне 22 миллион теңгеден астам қаржыға тас жол төселді. Сонымен бірге ауылдағы жеті аялдаманың сырты жаңартылып, қазіргі заман талабына сай қапталды.

    Тағы бір маңызды жоба – Талсуат ауылының кіреберісіне арка орнату. Жобаға бес миллион теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілді.

    – Алдағы уақытта қандай жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр?

    – Қазіргі таңда бірнеше маңызды жобаның құжаттары дайындалды. Соның бірі – А. Құнанбаев көшесінен республикалық тас жолға дейінгі аралықтағы түнгі жарық жүйесін қайта жаңғырту. Бұл жоба бойынша облыстық басқармаға бюджеттік өтінім жолданды.

    Сонымен қатар Алматы және Байкенжеев көшелеріне жаңа балалар ойын алаңдарын салу жоспарланып отыр. Бұл жобалар жүзеге асса, балалардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада демалуына мүмкіндік артады.

    – Жалпы, Талсуаттың алдағы дамуына қатысты қандай басымдықтарды атар едіңіз?

    – Біздің мақсатымыз – Талсуатты заманауи инфрақұрылымы қалыптасқан, әлеуметтік нысандары дамыған, тұрғындарға қолайлы ауылдық округке айналдыру.

    Алдағы уақытта жолдарды жаңарту, көшелерді жарықтандыру, балалар ойын алаңдарын көбейту, инженерлік инфрақұрылымды жетілдіру, кәсіпкерлікті қолдау және халықты жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстар жалғаса береді.

    Барлық жобаның түпкі мақсаты – тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартып, ауылдың тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

    – Сұхбатыңызға рақмет!

    инфрақұрылым кәсіпкер Қамысқала Қызылорда тазалық Талсуат ауылы
    Previous ArticleЕртіс өзенінің жағасында жоғалып кеткен қыз аман табылды
    Next Article Қырғыз еліндегі тауларда қалған қазақстандық туристер 3 күннен бері шыға алмай жатыр
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.