Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қырғыз еліндегі тауларда қалған қазақстандық туристер 3 күннен бері шыға алмай жатыр
    Жаңалықтар

    Қырғыз еліндегі тауларда қалған қазақстандық туристер 3 күннен бері шыға алмай жатыр

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова06.07.202631 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Қырғыз еліндегі Чатқал аңғарында Ресей, Қазақстан және Қырғыз елінен келген туристер үш күннен бері тау аймағынан шыға алмай отыр. Қатты жауыннан кейін Қара-Токой көлі маңындағы өзендердегі су деңгейі көтеріліп, көпірлерді ағызып әкеткен, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    24.kg басылымының мәліметінше, туристер Чатқал өзенінің салаларының арасында қалып қойған. Олар Талас облысы шекарасына жақын аумақта орналасқан.

    Турист Вильданның айтуынша, олардың тобында 10 адам бар, оның үшеуі – бала. Жақын маңда Бішкектен келген тағы бір туристік топ орналасқан, онда шамамен 30 адам бар.

    «Біз мұнда үшінші күн отырмыз. Көпірлер қалпына келтірілгенше күту керектігі айтылды. Бүгін жексенбі болғандықтан, жөндеу жұмыстары жүргізілмей жатыр. Бақытымызға қарай, көліктеріміз бен шатырларымыз бар, түнеуге жағдай жасалған. Барлығының жағдайы жақсы, үрей жоқ», – деді ол.

    Туристердің айтуынша, өзеннен өз күштерімен өту мүмкін емес, өйткені ағысы өте қатты. Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері азық-түлікті өзеннің арғы бетіне лақтырып жеткізіп жатыр.

    Сондай-ақ жергілікті тұрғындар да туристерге көмек көрсетуде.

    «Бізге көмектесіп жатқан барлық адамға алғысымыз шексіз. Шопандар, жақын маңдағы ауыл тұрғындары, ТЖМ қызметкерлері – барлығы қолдан келгенше қолдау көрсетіп, азық-түлік әкеліп жатыр», – деді Вильдан.

    Қазір туристер көпірлердің қалпына келтірілуін күтіп отыр. Одан кейін ғана олар тау аймағынан қауіпсіз шыға алады.

    Previous ArticleТалсуат ауылдық округінің әкімі Ерлан Бейсенбаев: «Инфрақұрылымды дамыту – тұрғындардың өмір сапасын жақсартудың негізгі тетігі»
    Next Article Тұңғыш рет: «БалуанTAS» командасы Жайдарманда өнер көрсетті
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.