Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Шымкентте колледж басшылығы 1,3 млрд теңге жымқырған
    Жаңалықтар

    Шымкентте колледж басшылығы 1,3 млрд теңге жымқырған

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова02.07.202612 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: istockphoto.com


    Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында бес сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Соттың мәліметінше, 2018 жылдың тамыз айынан бастап 2025 жылғы 31 қаңтар аралығында «Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлы-қаржы колледжі» ЖШС мен «Оңтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі» ЖШС-нің құрылтайшысы сотталушы Д. өзінің құдағиы және директор болып келетін Е.-мен, сонымен бірге есепшілер Д.Г. мен С. және кадр бөлімінің басшысы М.-мен бірлесіп бюджет қаражатын жымқырған.

    Атап айтқанда, «Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлы-қаржы колледжі» ЖШС-гі іс жүзінде білім беру қызметін жүзеге асырмаған, ал «Оңтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі» ЖШС-де ақылы негізде оқитын студенттер жалған бұйрықтардың негізінде мемлекеттік білім беру тапсырмасы бойынша оқитын студенттер ретінде заңсыз есепке алынған.

    Қылмыстық ниетті жүзеге асыру мақсатында жалған құжаттар рәсімделіп, орындалған жұмыстар актілеріне қол қойылып және Ұлттық білім беру деректер базасына көрінеу жалған мәліметтер енгізілген. Нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 1 351 527 344 теңге көлемінде материалдық залал келтірілген.

    Сот, Д.-ны кінәлі деп танып, оның мүлкін тәркілеп, түпкілікті білім беру саласындағы басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 10 жыл мерзімге айыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Д.-ның іс-әрекетінде қылмыстардың қайталануы танылды. 

    М.-ға білім беру саласындағы басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

    Д.Г.-ға бухгалтер лауазымдарын атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айырып, ҚК-нің 55-бабы 4-бөлігінің негізінде түпкілікті 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

    С.-ға бухгалтер лауазымдарын атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

    Е.-ға білім беру саласындағы басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 8 жыл мерзімге айыра отырып, 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

    Previous ArticleСтепногорскіде жоғалып кеткен 13 жастағы қыз қала сыртынан табылды
    Next Article Түркістанда полиция қызметкері қаза тапты
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 664 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.