Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Бұдан былай құрылыс құжаттарына сәйкес келмейтін нысандарды салуға рұқсат берілмейді
    Жаңалықтар

    Бұдан былай құрылыс құжаттарына сәйкес келмейтін нысандарды салуға рұқсат берілмейді

    SalemnewsSalemnews08.10.202542 Mins Read
    Фото: Ru.freepik.com
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Бұдан былай, құрылыс құжаттарына сәйкес келмейтін нысандарды жобалау мен салуға рұқсат берілмейді, деп жазды Salemnews.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді. 

    Оның айтуынша, бұрын тек қаланың Бас жоспары ғана міндетті сараптамадан өтетін. Ал нақты жоспарлар жергілікті деңгейде әкімнің шешімімен бекітіліп, тексеріссіз қабылданатын. Соның салдарынан құрылыс нормалары жиі бұзылып, ретсіз және заңсыз нысандар бой көтерген жағдайлар болған.

    «Осы олқылықты жою үшін 2024 жылдан бастап барлық әзірленіп жатқан немесе түзетілетін қала құрылыс жобалары, оның ішінде нақты жобалау жоспарлары арнайы сараптамадан өтеді. Аталған шара сапасыз әрі заңға қайшы жобаларды уақытылы анықтауға, жобалау қателері мен жемқорлықты болдырмауға және құжаттардың ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Яғни, бұдан былай, құрылыс құжаттарына сәйкес келмейтін нысандарды жобалау мен салуға рұқсат берілмейді», — дейді министр.

    Сонымен қатар ведомство басшысы қабылданған шаралар бірыңғай цифрлық қала құрылысы жүйесін қалыптастыруға бағытталғанын, Кодекс аясында құрылыс жобаларының орындалуын қосымша бақылау үшін Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу көзделіп отырғанын айтты. 

    Министрдің айтуынша, соңғы жылдары «Doing Business» көрсеткішін жақсартуға бағытталған шаралардың салдарынан сәулет пен құрылыс салаларындағы мемлекеттік бақылау деңгейі төмендеген.  Бүгінде құрылыс нормаларын сақтау міндеті тікелей сала қатысушыларының өздеріне жүктелген.Нәтижесінде құрылысқа толыққанды бақылау мен қадағалау жүргізілмейді.
    Осыған байланысты, жаңа Құрылыс кодексі аясында бақылау мен қадағалауды күшейтуге бағытталған жаңа тәсілдер әзірленді. Мысалы, өткен жылдан бастап «жедел әрекет етудің» жаңа тетігі енгізілді.

    «Қадағалаудың жаңа фарматы заң бұзылған жағдайда жедел шара қолдануды көздейді. Қажет болған жағдайда құрылыс жұмыстары тоқтатылып, лицензия мен өзге де рұқсат құжаттарын қайтарып алу мүмкіндігі қарастырылған.  Құрылыс сапасын қатаң қадағалау үшін бақылау органдарының қатысуымен құрылыс барысы «жоспарлы инспекциялау» арқылы басынан бастап, пайдалануға берілгенге дейін тексерілетін болды.
    Енді профилактикалық бақылау қашықтан, яғни объектіге бармай-ақ жүргізілетін болады. Бұл үшін мемлекеттік органдардың деректері мен ақпараттық жүйелер пайдаланылады, қажет болған жағдайда дереу шара қабылданады. 
    Сонымен қатар, әкімдіктердің жұмысына да бақылау артып, заң бұзуды алдын алу шаралары күшейтіледі. Құрылыс кодексі жобасында нысанды қабылдау кезінде ГАСК пен төтенше жағдай органдарының міндетті түрде қатысуы қарастырылған. Олар нысанның пайдалануға дайын екендігі туралы қорытынды береді», — деді Ерсайын Нағаспаев.

    Жаңа заңнамалық өзгерістер құрылыс циклінің басынан аяғына дейін мемлекеттік бақылауды күшейтуді көздеп отыр.

    заң Құрылыс
    Previous ArticleШығыс Қазақстандағы ауыл әкімі тұрғындармен сөзге келіп, балағаттаған
    Next Article Қазақстандағы ең ықпалды 50 бизнесмен кім?
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Астанадағы өрттен қаза тапқан үш баланың анасы есін жиды

    17.04.2026

    Өзбекстанда Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған кеш өтті

    17.04.2026

    Баян Алагөзоваға «Қыз Жібек» фильміндегі кейіпкердің камзолы сыйға берілді

    17.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 615 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 631 Views

    Карбоновое земледелие: выход ли для климатических проблем Казахстана?

    17.12.20255 469 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.