Фото: istockphoto.com
Шемонаиха қаласында ер адам көшеде аяқ астынан көз жұмды. Қайғылы оқиға 16 шілде күні болған, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.
Куәгерлердің айтуынша, ер адам дүкенге тауар жеткізген. Алайда сол жерде кенеттен өзін жайсыз сезініп, көз жұмған.
Оқиғаға қатысты Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
«16 шілде күні қаладағы дүкендердің бірінің маңынан жергілікті тұрғынның мәйіті табылды. Денесінде көзге көрінетін жарақат белгілері жоқ. Тірі кезінде ер адам белгілі бір ауруына байланысты дәрігердің бақылауында болған. Аталған дерек заңнамаға сәйкес тіркелді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады ведомство.
