Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Сұраныс тым жоғары»: «Қайрат» – «Реал» ойынына билетке сұраныс рекорд жаңартты
    Жаңалықтар

    «Сұраныс тым жоғары»: «Қайрат» – «Реал» ойынына билетке сұраныс рекорд жаңартты

    SalemnewsSalemnews18.09.202531 Min Read
    Фото: azh.kz
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Алматыда өтетін «Қайрат» пен мадридтік «Реалдың» Чемпиондар лигасындағы кездесуіне жанкүйерлер тарапынан үлкен қызығушылық байқалды, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Клуб бас бапкері Рафаэль Уразбахтиннің сөзінше, матчқа 140 мыңға жуық өтінім түскен. Алайда Орталық стадионның сыйымдылығы небәрі 23 мың орынмен шектеледі.

    Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі екінші тур ойыны 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

    «Әр ойыншыға бес билеттен бөлінді. Бірақ сұраныс тым жоғары. Тіпті футболға бұрын бармағандар да осы ойынды тамашалағысы келеді. Біз өзімізге сұрақ қоямыз: жанкүйерлер «Реалды» көруге ме, әлде бізді қолдауға келе ме?» – деді Уразбахтин.

    Айта кетейік, билеттер 23 қыркүйектен бастап сатылымға шығады. Жақында алматылық клубтың баспасөз қызметі билеттер құнының 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін белгіленгенін хабарлаған еді.

    «Қайрат» клубы
    Previous Article«Жанардың жұртқа жеткен ақылы өз қызына жетпей қалды»: Айжұлдыздың қайынатасымен түскен фотосы жұрттың ашуын туғызды
    Next Article Қызылордада Атомшылар аллеясы ашылды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.