Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қызылордада Атомшылар аллеясы ашылды
    Жаңалықтар

    Қызылордада Атомшылар аллеясы ашылды

    SalemnewsSalemnews19.09.2025291 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Қалада ерекше нысан-Атомшылар аллеясы салтанатты түрде ашылды. Шараға қала тұрғындары, қонақтар мен ардагерлер қатысты.

    Аллея Бұхарбай батыр көшесінің бойынан орын тепкен. Бұл жерге жарық шамдары орнатылып, қоқыс жәшіктері қойылған. Сондай-ақ көлеңке саялайтын орындар, балаларға арналған ойын алаңы және түрлі гүлдер аллеяға сән беріп, тұрғындардың жанға жайлы демалысына жағдай жасамақ.

    Аллеяның ашылу рәсімінде Marubeni Kharasan филиалының бас менеджері Йошинори Сакамото, Қытайдың бас ядролық энергетикалық корпорациясы (CGNPC) URC директорының орынбасары Сюй Цзюньмей және «Қызылқұм» ЖШС бас директоры Айдүйсенов Бағдат Әбжаппарұлы қала халқымен бірге тал егу ісіне үлес қосты.

    Жаңа аллея алдағы уақытта Қызылорданың ажарын ашып, тұрғындар тынығып серуендейтін сүйікті мекенге айналмақ. Мұнда бой көтерген 10 түп ағаш айналаға жасыл желек сыйлап, аллеяның ажарын аша түспек

    Аллеяның құрылысына демеушілік жасаған “Қызылқұм” ЖШС-ның уран кеніші Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы аумағында, тарихи Қорасан ата кесенесіне жақын маңда орналасқан. Бүгінде мұнда өндірілетін уран рудасы ел экономикасының қарқынды дамуына айтарлықтай серпін беріп отыр.

    Қазіргі таңда компанияда 292 адам тұрақты жұмыспен қамтылған, ал ілеспе өндірістерді қоса есептегенде бұл көрсеткіш 500-ден асады. 2025 жылға қарай кен орнында уран өндіру көлемі 20 мың тоннадан асып отыр.

    Атомшылар аллеясы Қызылорда
    Previous Article«Сұраныс тым жоғары»: «Қайрат» – «Реал» ойынына билетке сұраныс рекорд жаңартты
    Next Article Сыртқы істер министрі тағайындалды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.