Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Грант алып беремін»: Таразда алаяқ бірнеше тұрғыннан қомақты ақша алып кеткен
    Жаңалықтар

    «Грант алып беремін»: Таразда алаяқ бірнеше тұрғыннан қомақты ақша алып кеткен

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова22.07.202622 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: polisia.kz


    Тараз қаласының полициясына мемлекеттік қайтарымсыз грант рәсімдеуге көмектесемін деген алаяқтың құрбаны болған үш ер адам жүгінді. Келтірілген жалпы материалдық шығын 3,1 миллион теңгеден асты, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Тергеу барысында анықталғандай, 2026 жылдың ақпан айында жәбірленушілер әлеуметтік желілердің бірінен жеке кәсіп ашуға немесе кәсіпкерлік қызметін дамытуға арналған ірі мемлекеттік грантты рәсімдеуге көмектесу туралы жарнаманы көрген.

    Ұсынысқа қызығушылық танытқан олар көрсетілген сілтеме арқылы өтіп, кейін мессенджерде хат алмасуды жалғастырған. Өзін мемлекеттік бағдарламалар бойынша маман ретінде таныстырған әйел бұған дейін көптеген азаматқа қайтарымсыз грант алуға көмектескенін айтқан.

    Жеке деректерін тексергеннен кейін ол әрбір жәбірленушіге 13–13,6 миллион теңге көлемінде қаржыландыру мақұлданғанын хабарлаған. Одан кейін әйел жеке кәсіпкер ретінде тіркелу, қажетті құжаттарды рәсімдеу, конкурсқа қатысу, комиссиялық төлемдер мен басқа да міндетті шығындарды өтеу қажет деген түрлі сылтаулармен азаматтарды ақша аударуға көндірген.

    Әйелдің уәдесіне сенген жәбірленушілер көрсетілген банк шоттарына 1 285 000 теңге, 1 090 400 теңге және 803 000 теңге аударған. Ақшаны алғаннан кейін күдікті құжаттардың қаралып жатқанын, конкурстан сәтті өткендерін және грант қаражаты жуық арада олардың шоттарына түсетінін айтып, сендіруін жалғастырған.

    Алайда, уәде етілген грант берілмеген. Біраз уақыттан кейін әйел байланысқа шығуды тоқтатып, осыдан кейін жәбірленушілер полицияға арызданған.

    Аталған фактілер бойынша қылмыстық істер тіркелді. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

    Полиция азаматтарды әлеуметтік желілердегі осындай жарнамаларға сенбеуге, бейтаныс адамдарға ақша аудармауға және ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеруге шақырады.

    Previous ArticleСалтанат Нүкенованың өлімі: Бақытжан Байжанов бостандыққа шығады
    Next Article Respublica партиясы үгіт-насихат науқанын бастады
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.