Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
    Жаңалықтар

    Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова11.07.202612 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Алматы облысының әкімдігі


    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Райымбек ауданының 90 жылдық мерейтойына орай тұрғындарға құттықтау жолдады, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Оны Шалкөде жайлауында өткен «Хантәңірі қазынасы» халықаралық этнофестивалінің салтанатты ашылуында ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев жеткізді.

    Президент құттықтауында осы қасиетті мекеннен ел мүддесіне адал қызмет еткен көптеген көрнекті тұлғалардың шыққанына тоқталып, бүгінде аудан халқы еліміздің ауыл шаруашылығы, туризм және өзге де салаларының дамытуға елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өткен.

    Райымбек — тарихы терең, ынтымағы жарасқан берекелі өңір. Осы өнегелі өлкеден көптеген тұғырлы тұлғалар шығып, ұлт мүддесі үшін қалтқысыз қызмет етті. Бердібек Соқпақбаев, Мұқағали Мақатаев және өзге де көрнекі қаламгерлер шоқтығы биік шығармалар жазып, өскелең ұрпақтың бойына отаншылдық, білімпаздық, еңбекқорлық қасиеттерін сіңірді. Қазір аудан халқы ауыл шаруашылығы, туризм және басқа да салаларда қажырлы еңбек етіп, туған жерін көркейтуге атсалысып келеді. Сондай-ақ олар ел тағдырына әсер ететін бастамаларды үнемі қолдап, ұйымшылдықтың озық үлгісін танытып жүр. Аудан тұрғындарының жалпыхалықтық референдумға белсене қатысып, Жаңа Конституцияны қолдауы — соның айқын дәлелі, — делінген құттықтау хатта.

    Мемлекет басшысы сондай-ақ өңірдің дамуына үлес қосып жүрген барлық азаматқа ризашылығын білдіріп, аудан тұрғындарына бақ-береке, толағай табыс және ел игілігі жолындағы еңбектеріне табыс тілеген.

    Райымбек ауданының 90 жылдығына арналған шаралар легі үш күн бойы жалғасты. Мерейтой аясында ғылыми-танымдық конференциялар, республикалық айтыс пен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Ұлан-асыр той Шалкөде жайлауында «Хантәңірі қазынасы» халықаралық этнофестивалімен қорытындыланды.

    Previous ArticleBaiQymyz-2026: Фестивальге 1 тонна шұбат пен 200 литр қымыз әкелінді
    Next Article Тасбөгет кентінің әкімі Айдын Тыныштықбай: «Әр жоба тұрғындардың сұранысына сай жүзеге асырылуда»
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.