Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Президент Қазақстанның жаңа Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды
    Жаңалықтар

    Президент Қазақстанның жаңа Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова17.03.202682 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    фото: ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына және «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    «2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумда Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

    1. 2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының Конституциясы) мәтіні «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» мерзімді баспа басылымдарында жариялансын.
    2. 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының түпнұсқасы Қазақстан Республикасы Президентінің Архивіне сақтауға тапсырылсын.
    3. Қазақстан Республикасы Конституциясының түпнұсқасы Қазақстан Республикасының Президентінде сақталады деп белгіленсін.
    4. Орталық референдум комиссиясы Қазақстан Республикасы Конституциясының мәтінін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
    5. Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына:

    1) «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заң жобасы;

    2) «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заң жобасы енгізілетіні айқындалсын.

    1. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы Жарлықтың 5-тармағында көзделген заңнамалық актілердің жобаларын әзірлеуді және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізуді қамтамасыз етсін.
    2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына:

    1) «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасы;

    2) «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Конституциялық заң жобасы енгізілетіні айқындалсын.

    1. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті мемлекеттік органдары нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
    2. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 7 сәуірге дейін Қазақстан Республикасының Конституциясын ілгерілету жөніндегі жоспарды бекітсін.
    3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
    4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген Жарлықта. 

    Previous ArticleРеферендум бойынша алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды
    Next Article Ордабасыда бір мезетте 50 бүлдіршіннің тұсаукесер рәсімі өтті
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    TikTok-тағы тікелей эфирде бейәдеп сөз айтқан 53 жастағы семейлік әйел жазаланды

    06.08.2026

    Баянауыл тауларындағы арқарлар дрон арқылы видеоға түсірілді

    06.08.2026

    Казахстанцы смогут получать больше медицинских услуг онлайн

    04.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 661 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.