Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Ордабасыда бір мезетте 50 бүлдіршіннің тұсаукесер рәсімі өтті
    Жаңалықтар

    Ордабасыда бір мезетте 50 бүлдіршіннің тұсаукесер рәсімі өтті

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова17.03.202621 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    фото: Түркістан өңірлік коммуникация қызметі

    Түркістан облысында Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұлттық дәстүрлерді жаңғыртып, ұрпақ сабақтастығын дәріптеу мақсатында Наурызнама онкүндігі аясында іс-шаралар кеңінен аталып өтіп жатыр, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай аудан орталығындағы «Самұрық» аллеясында бір мезетте 50 бүлдіршіннің тұсаукесер рәсімі өтті.

    Іс-шара барысында аудан әкімі Азат Оралбаев, аудан прокуроры Абзал Қыдырбай, аудандық мәслихат депутаты Бақдәулет Жұмабеков, аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұркен Сарыпбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостан Жәкей, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер салт-дәстүрге сай бүлдіршіндердің тұсауын кесіп, ақ баталарын берді. Олар ата-аналарға ізгі тілектерін айтып, балалардың болашағы жарқын, қадамы нық болуына тілектестігін білдірді.

    Қазақ халқы үшін тұсаукесер – бала өміріндегі маңызды әрі тамыры терең дәстүрлердің бірі. Бұл рәсім баланың өмір жолы ашық, қадамы берік, болашағы жарқын болсын деген ізгі ниеттен туған. Жиналған көпшілік бүлдіршіндерге ақ тілектерін арнап, жылы лебіздерін білдірді.

    Салтанатты шара барысында ұлттық әндер шырқалып, салт-дәстүр кеңінен дәріптелді. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында өткен бұл рәсім көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлап, мерекелік думанның сәнін арттырды.

    Previous ArticleПрезидент Қазақстанның жаңа Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды
    Next Article Алматыда 11 500 домбырашы Қазақстан рекордын орнатты
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Казахстанцы смогут получать больше медицинских услуг онлайн

    04.08.2026

    В Кыргызстане запретили кремацию тел

    04.08.2026

    Қазақстанда пәтерді сату салығы: мұраға немесе сыйға берілген баспанаға салық қашан төленеді?

    03.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 661 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.