Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Пәкістанда нөсерден қаза тапқандар саны 37 адамға жетті
    Жаңалықтар

    Пәкістанда нөсерден қаза тапқандар саны 37 адамға жетті

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова23.07.202611 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Anadolu


    19 шілдеден бері Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва және Пенджаб провинцияларында, сондай-ақ Гилгит-Балтистан өңірінде нөсер толассыз жауып жатыр. Соның салдарынан кенеттен болатын су тасқындары мен жер көшкіндері тіркелуде, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Биліктің мәліметінше, қолайсыз ауа райы, оның ішінде кенеттен болған су тасқындары, найзағай түсуі және электр тоғының соғуы салдарынан Хайбер-Пахтунхва провинциясында 20 адам, ал Пенджабта 17 адам қаза тапқан.

    Осылайша, ел бойынша табиғи апаттан көз жұмғандардың жалпы саны 37 адамға жетті.

    Сонымен қатар, Гилгит-Балтистанда және Пәкістан бақылауындағы Азад Джамму мен Кашмир өңірінде нөсер жаңбырдан кейін болған су тасқындары мен жер көшкіндері ауыл шаруашылығы алқаптары мен жергілікті тұрғындардың тұрғын үйлеріне айтарлықтай зиян келтірді.

    Previous Article16 мыңнан астам қазақстандық қайтыс болғаннан кейін ағза доноры болуға келісім берген
    Next Article Қостанайда ерлі-зайыптыны қағып кеткен жас жігіт бас бостандығынан айырылды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.