Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қостанайда ерлі-зайыптыны қағып кеткен жас жігіт бас бостандығынан айырылды
    Жаңалықтар

    Қостанайда ерлі-зайыптыны қағып кеткен жас жігіт бас бостандығынан айырылды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова23.07.202611 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: istockphoto.com


    Қайғылы оқиға 2025 жылдың қыркүйек айында кешкі уақытта болған. Hyundai Elantra көлігінің жүргізушісі жылдамдықты асырып, Қайырбеков көшесіндегі «Солнечный» дүкені маңындағы жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда жылдамдығын төмендетпей, ерлі-зайыптыны қағып кеткен, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Жол апатынан ерінің жамбас сүйегі сынып, жұбайы алған жарақаттарының салдарынан 42 күннен кейін ауруханада көз жұмған. Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, әйелдің өліміне жол апаты кезінде алған жарақаттар мен кейін дамыған тромбоэмболия себеп болған.

    Тергеу барысында қорғаушы тарап қосымша сараптама жүргізуді сұрап, әйелдің өліміне қатар жүрген ауруы – қант диабеті әсер етуі мүмкін екенін алға тартқан. Істі қарау кезінде марқұмның денесін эксгумациялау мәселесі де көтерілді, алайда оған туыстары қарсы болды. Нәтижесінде Қостанай қаласының №2 соты жол апатынан алған жарақаттар мен әйелдің өлімі арасында тікелей себеп-салдарлық байланыс бар деген қорытындыға келді.

    Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді. Сондай-ақ сотта оның жүргізуші куәлігін алғанына екі жыл ғана болғанына қарамастан, осы уақыт ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 10 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны айтылды. Сот оған прокуратура сұраған жазадан жеңілірек жаза тағайындады. Сот үкімімен айыпталушы екі жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ бес жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

    Previous ArticleПәкістанда нөсерден қаза тапқандар саны 37 адамға жетті
    Next Article Оралда ағаш өңдеу цехы өртеніп кетті
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.