Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Отырарда кітапханасы бар визит-орталық салынады
    Жаңалықтар

    Отырарда кітапханасы бар визит-орталық салынады

    SalemnewsSalemnews24.07.202552 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: istockphoto.com

    Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабасыновтың PANA ASIA ЖШС құрылтайшыларының бірі Нұржан Ниязалиев және компанияның бас директоры Сәуле Жаңабаевамен өткізген жұмыс кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Аталған компания туристік инфрақұрылымды дамытуға белсенді түрде инвестиция салып келеді. Алдағы уақытта Қазақстанда бірнеше визит-орталық салу жоспарланып отыр.

    Министрлік ішкі туризмді дамыту бағытында отандық кәсіпкерлерді кеңінен тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Соның нәтижесінде Түркістан облысындағы көне Отырар қаласында визит-орталық салу жобасы қолға алынбақ.

    Инвесторлардың айтуынша, жоба тұжырымдамасы әзірленген кезде Отырардың тарихи мұрасына, әсіресе орта ғасырларда әлемдегі ең ірі кітапханалардың бірі саналған әйгілі Отырар кітапханасына ерекше назар аударылған. Жаңа визит-орталық тек туристік нысан ғана емес, аңызға айналған кітапхананы қайта жаңғырту идеясының символына айналмақ.

    Жобаны жүзеге асыру 2027 жылға жоспарланған.

    Бұдан бөлек, кәсіпкерлер Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында, Жамбыл облысындағы Көксу шатқалында визит-орталықтар салуды, сондай-ақ Түркістан облысындағы Сайрам-Өгем ұлттық паркі мен Маңғыстау облысындағы Бозжырада орналасатын визит-орталықтардың құрылысын аяқтауды көздеп отыр.

    Ербол Мырзабасынов жеке инвестицияны саланың тұрақты дамуының маңызды факторы ретінде атап өтті. Министрдің айтуынша, визит-орталықтар туристерге қолайлы жағдай жасап, қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ саяхатшылардың еліміздегі сапардан алған әсерін арттырады. Бұдан бөлек, бұл жобалар жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді.

    «Аталған жобалар аясында біз 1800 жұмыс орнын ашып, олардың санын 3000-ға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Біз Қазақстанда қоғам үшін пайдалы іспен айналысу қажеттігін көрсетіп, өзге инвесторларды ынталандырғымыз келеді. Біз тек инфрақұрылым салып қана қоймай, мәдени бірегейлікті қалыптастырып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға да күш саламыз», – деді Нұржан Ниязалиев.

    Кездесу барысында тараптар туристік нысандарды салу кезінде экологияны сақтау мен орнықты туризм қағидаттарын ұстануға ерекше мән берілетінін атап өтті.

    Визит-орталық кітапхана Отырар
    Previous ArticleАстанада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған кеш өтті
    Next Article Маңғыстаулық түлек халықаралық беделді университеттің грантын жеңіп алды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.