Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Астанада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған кеш өтті
    Жаңалықтар

    Астанада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған кеш өтті

    SalemnewsSalemnews24.07.202581 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Астана қаласының әкімдігі


    Хакім Абайдың туғанына 180 жыл толуына орай елордадағы Жастар театрында «Өлең сөздің патшасы» атты жыр кеші өтті, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Кештің мақсаты – Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын дәріптеу, қазақ өлеңінің құдіретін насихаттау және жас ұрпаққа ұлттық рухани құндылықтарды сіңіру.

    «Абайдың 180 жылдығына орай 8-10 тамыз аралығында Абай жерінде үлкен той өтеді. Соған қазір республиканың түкпір-түкпірінде ақынның 180 жылдығы аталып жатыр. Осы ретте біз, Қазақстан Жазушылар одағының Астана қалалық филиалы мен Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы бірлесіп, осы кешті ұйымдастырдық. Кешке белгілі ақындар, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері, атап айтқанда, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ғалым Жайлыбай, Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан, ақын Оңайгүл Тұржан, сондай-ақ жас ақындар қатысты. Мұнда олар Абайға арналған және еркін тақырыпта өлеңдер оқиды. Сондай-ақ кеште ақынның әндері шырқалды», – деді Қазақстан Жазушылар одағы Астана қаласы филиалының директоры Бауыржан Бабажанұлы.

    Ұйымдастырушылардың айтуынша, әдеби кеште 20 мен 70 жас аралығындағы көпке танымал елордалық қаламгерлер өз өлеңдерін қала тұрғындары мен қонақтарына, зиялы қауым өкілдеріне, яғни көрерменге тарту етеді.

    180 жыл Абай Әдеби кеш
    Previous ArticleАлматыда жасөспірімнің қалтасындағы пауэрбанк жарылып кеткен
    Next Article Отырарда кітапханасы бар визит-орталық салынады
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.