Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Netflix-тің «One Piece» сериалының жұлдызы Comic Con Astana 2026 фестивалінің хедлайнері атанады
    Жаңалықтар

    Netflix-тің «One Piece» сериалының жұлдызы Comic Con Astana 2026 фестивалінің хедлайнері атанады

    SalemnewsSalemnews03.07.202623 Mins Read
    Фото: Comic Con Astana
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Comic Con Astana халықаралық фестивалінің ұйымдастырушылары екінші хедлайнердің есімін жариялады. Ол — Netflix-тің Эйитиро Ода мангасы негізінде түсірілген «One Piece» сериалында Манки Д. Луффи рөлін сомдап, әлемге танылған мексикалық актер Иняки Годой.

    Comic Con Astana фестивалі биыл бесінші рет өтеді. 2026 жылғы 6–9 тамыз аралығында Қазақстан астанасында кино, сериал, комикс, бейнеойын, аниме және заманауи поп-мәдениет жанкүйерлері тағы да бас қосады.

    Netflix-тегі ең сәтті премьералардың біріне айналған «One Piece» сериалы жарыққа шыққаннан кейін Иняки Годой өз буынының ең жарқын жас актерлерінің біріне айналды. Ол сомдаған кейіпкер — жігері мұқалмайтын қарақшылар тобының капитаны Монки Д. Луффи — аз уақыттың ішінде әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған көрерменнің сүйіспеншілігіне бөленді. Актер One Piece-тен бөлек «Кемеліне жетпегендер» және «Сараны кім өлтірді?» сериалдары, сондай-ақ «¡Ánimo Juventud!», «MexZombies» және «No abras la puerta» фильмдері арқылы да танымал.

    Comic Con Astana аясында Иняки Годой фестивальдің басты сахнасына шығып, жанкүйерлердің сұрақтарына жауап береді. Сондай-ақ автограф және фотосессияларға қатысады.

    Бұған дейін Comic Con Astana 2026 фестивалінің алғашқы хедлайнері ретінде «Тақтар таласы» сериалындағы Джейме Ланнистер рөлімен танылған даниялық актер Николай Костер-Вальдау жарияланған еді. Актер «Қара сұңқардың құлауы», «Аспан патшалығы», «Обливион», «Мысыр құдайлары», «Анашым», «Бостандыққа атылу» фильмдерінде, сондай-ақ «Соңғы айтқаны» және «Патша мен жаулаушы» сериалдарында ойнаған. Николай Костер-Вальдаудың алдағы жобаларының бірі — «Болашаққа оралу» және «Форрест Гамп» фильмдерін түсірген Роберт Земекистің жаңа The Last Mrs. Parrish фильмі. Netflix-тің бұл жаңа жобасында актер Дженнифер Лопеспен бірге ойнайды.

    Comic Con Astana 2026 фестиваліне халықаралық кино жұлдыздарымен қатар танымал блогерлер, контент авторлары және әлемдік косплей индустриясының өкілдері де қатысады.

    Фестивальдің арнайы қонақтарының қатарында:

    — Kamui Cosplay — Германиядан шыққан, әлемге танымал шығармашылық дуэт. Күрделі әрі ұсақ-түйегіне дейін мұқият жасалған костюмдерімен ерекшеленетін дуэт әлемдік косплей индустриясының көшбасшыларының бірі саналады;

    — SuperCrastan (Даня Крастер) — орыс тіліндегі YouTube кеңістігінің ең танымал авторларының бірі, өнертапқыш әрі ғылымды көпшілікке түсіндіруші. Ірі DIY жобалар мен ерекше инженерлік жобалардың авторы;

    — Jane Kravitz — жұмбақ оқиғалар, тергеулер және деректі видеоэсселерге арналған YouTube арнасының танымал авторы;

    — Karrambaby — Instagram мен YouTube желілерінде миллиондаған аудиториясы бар ресейлік видеоблогер. Сән, саяхат және күнделікті өмір тақырыбында контент жасайды;

    — Dobryak — миллиондаған қаралым жинаған анимациялық бейнероликтердің авторы, орыстілді YouTube кеңістігіндегі ең танымал аниматорлардың бірі;

    — Dalbek — фильмдер, мультфильмдер және анимацияға арналған шолуларымен танылған қазақстандық блогер, ойын-сауық контентінің авторы.

    2026 жылы Comic Con Astana былтырғыдай екі алаңда өтеді. Фестивальдің басты сахнасы мен хедлайнерлермен кездесулер Barys Arena аумағында өтеді. Ал «Алау» мұз сарайы тақырыптық аймақтар, компаниялар мен серіктестердің стендтері, ойын кеңістіктері, таныстырылымдар, интерактивті бағдарламалар және қонақтарға арналған түрлі ойын-сауықтар шоғырланған ауқымды көрме кеңістігіне айналады.

    Comic Con Astana фестивалінің дәстүрлі бағдарламаларының бірі — жыл сайын әртүрлі елдерден үздік косплейшілерді жинайтын халықаралық косплей байқауы. Биыл байқаудың жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды. Бұл оны өңірдегі ең ірі косплей сайыстарының қатарына шығарады.

    Comic Con Astana осы жылдар ішінде Орталық Азиядағы заманауи поп-мәдениетке арналған ең ірі фестивальдердің біріне айналды. Әр жылдары фестивальдің хедлайнерлері ретінде Мадс Миккельсен, Энди Серкис, Пилу Асбек, Скотт Эдкинс, Эсай Моралес, Майкл Рукер, Шон Ганн, Перси Хайнс Уайт және Александр Кузнецов қатысты.

    Comic Con Astana билеттерін фестивальдің ресми сайты — comicconastana.kz арқылы, сондай-ақ Яндекс Афиша. платформасынан сатып алуға болады.

    2026 жылғы фестиваль серіктестері қатарында Яндекс Go, Яндекс Еда, Кинопоиск, Яндекс Афиша, BIGBON, Chupa Chups, сондай-ақ жергілікті және халықаралық өзге де брендтер бар.

    Previous ArticleМемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
    Next Article «Қызымды қимай 5 сағат жыладым»: Тұрсынбек Қабатов жан сырын ақтарды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қазақстанда бір күнде 8 орман өрті тіркелді

    14.08.2026

    Шымкентте өзен ағысы алып кеткен қыздар құтқарылды

    14.08.2026

    Астанада екі жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті

    14.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 664 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.