Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Надан болып өмірден өткім келмейді»: 87 жастағы қария университетке оқуға түсті
    Жаңалықтар

    «Надан болып өмірден өткім келмейді»: 87 жастағы қария университетке оқуға түсті

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова09.07.202602 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: pexels.com


    Румынияда 87 жастағы зейнеткер көпшілікті таңғалдырды. Яссы қаласының тұрғыны Виорел Пинтилеску зейнет жасында үйде тынығып отырудың орнына университетке оқуға түсуге бел буған, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Қария Яссы өмір туралы ғылымдар университетіне қабылдау науқаны басталған алғашқы күні-ақ құжат тапсырған. Ол Ауыл шаруашылығы факультетінің «Биология» мамандығы бойынша бакалавриаттың күндізгі бөліміне түскісі келеді.

    1939 жылы дүниеге келген Виорел Пинтилеску жоғары білім алуды бұрыннан армандағанын айтады. Бірақ жас кезінде түрлі жағдайларға байланысты бұл мақсатына жете алмаған. Енді ол қалған уақытын бос өткізбей, білім алып, ой-санасын сергек ұстағысы келеді.

    Журналистер оның мұндай жаста университетке түсуіне не себеп болғанын сұрағанда, зейнеткер білімнің адам өміріндегі маңызын ерекше атап өткен.

    «Мен университетке түстім. Бар болғаны осы. Адам өмірден надан күйде өтпеуі керек. Білім адамды байытады. Үйде бос отырып, ұйықтап немесе уақытты бекер өткізгеннен гөрі, оқыған әлдеқайда жақсы», – деді ол.

    Қарияның айтуынша, оқу оған жалғыздықты ұмытып, өмірге деген қызығушылығын арттыруға көмектеседі. Ол университетке қабылданса, барлық дәріске тұрақты қатысуға дайын екенін жеткізді.

    Виорел Пинтилескуді болашақ курстастарымен арадағы үлкен жас айырмашылығы да алаңдатпайды. Керісінше, жастармен бірге оқу оған жаңа күш пен шабыт береді деп сенеді.

    87 жастағы румыниялық зейнеткер осылайша білім алуға ешқашан кеш емес екенін дәлелдегісі келеді. Оның сөзінше, адам үшін ең маңыздысы – жас емес, үйренуге деген құлшыныс.

    Previous ArticleАтажұртқа бастар жол: әлемнің 288 қазақ баласы «Балдәуренде» бас қосты
    Next Article Қазақстандық екі жеңіл атлет Азия чемпионатының финалына шықты
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 663 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.