Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Атажұртқа бастар жол: әлемнің 288 қазақ баласы «Балдәуренде» бас қосты
    Жаңалықтар

    Атажұртқа бастар жол: әлемнің 288 қазақ баласы «Балдәуренде» бас қосты

    SalemnewsSalemnews09.07.2026283 Mins Read
    Фото: «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    2026 жылғы 7–21 шілде аралығында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында шетелдегі қазақ диаспорасының балаларына арналған «Атамекен: қазақ ДНҚ-сын ашу» халықаралық балалар құрылтайы өтті. Биылғы ауысымға Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия, Ауғанстан, Иран, Тәжікстан және Еуропа елдерінен барлығы 288 бала қатысты.

    Құрылтай Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен және Halyk қайырымдылық қорының демеушілігімен ұйымдастырылды.

    Жай ғана демалыс емес – тарихи Отанмен қауышу

    «Атамекен» құрылтайының басты мақсаты – шетелде өсіп келе жатқан қазақ балаларының тарихи Отанымен байланысын нығайту болды. Қатысушылар Қазақстанды жақынырақ танып, ана тілін, ұлттық салт-дәстүрді, қазақ халқының мәдениеті мен рухани құндылықтарын тереңірек сезінуге мүмкіндік алды. Жоба ата жұртқа деген сағыныш пен ұлттық рухты тоғыстырған ерекше алаңға айналды. Әр бала өзінің қазақы болмысын тереңірек танып, жаңа достар тауып, елге деген сүйіспеншілігін арттырды.

    «Қазақ ДНҚ-сы» ұлттық құндылықтар арқылы дәріптелді

    Биылғы ауысымның «Атамекен: қазақ ДНҚ-сын ашу» деп аталуының өзіндік мәні болды. Ұйымдастырушылар қазақтың ДНҚ-сын тек тектілікпен ғана емес, ана тілімен, домбыраның үнімен, ұлттық әнмен, салт-дәстүрмен, үлкенге құрмет пен кішіге ізетпен, туған жерге деген сүйіспеншілікпен байланыстырды.

    Осы идея аясында әзірленген бағдарлама балалардың ұлттық санасын қалыптастырумен қатар, олардың шығармашылық, зияткерлік және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталды.

    Екі апта бойы қатысушылар танысу ойындарына, шығармашылық байқауларға, ұлттық ән сайысына, спорттық жарыстарға, достық фестиваліне және танымдық іс-шараларға қатысты. Сонымен қатар «ATAMEKEN DNA», «Елдер мен мәдениеттер палитрасы», «Бір әуен – бір халық», «Жүректе қалған Балдәурен» жобалары балалардың ұлттық рухын нығайтып, тарихи тамырына деген қызығушылығын арттырды.

    Әлемнің әр түкпірінен келген балалар бас қосты

    Құрылтайға Моңғолиядан – 74, Қытайдан – 57, Өзбекстаннан – 53, Ресейден – 50, Қырғызстаннан – 35, Түрікменстаннан – 15, Ауғанстаннан – 3 және Еуропа елдерінен 1 бала қатысты. Барлығы – 288 қатысушы.

    Фото: «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы

    Әлем қазақтарын жақындастырған рухани көпір

    Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының кеңесшісі Қарлығаш Бекпатшақызының айтуынша, «Атамекен» құрылтайы шетелдегі қазақ балалары мен тарихи Отан арасындағы рухани байланысты нығайтатын маңызды жобаға айналды.

    ««Бұл жоба арқылы жас буын Қазақстанды жақынырақ танып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірді. Әртүрлі елден келген балалар өзара достық қарым-қатынас орнатып, қазақ халқының мәдени мұрасын тереңірек тануға мүмкіндік алды. Мұндай бастамалар әлем қазақтарының бірлігін нығайтуға қызмет етеді», – деді Қарлығаш Бекпатшақызы.»

    Halyk қайырымдылық қоры бірнеше жылдан бері Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен бірлесіп, шетелдегі этникалық қазақ балаларының тарихи Отанымен байланысын нығайтуға бағытталған жобаларға тұрақты қолдау көрсетіп келеді. Биылғы «Атамекен: қазақ ДНҚ-сын ашу» халықаралық балалар құрылтайы да осы жүйелі серіктестіктің жалғасы ретінде ұйымдастырылды.

    Ал Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі жыл сайын шетелдегі этникалық қазақ балаларына арнайы квота бөліп, олардың тарихи Отанында демалуына, білімін толықтыруына және ұлттық құндылықтарды тереңірек тануына мүмкіндік жасап келеді. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы қатысушыларды іріктеу, құжаттарын рәсімдеу және құрылтай бағдарламасын үйлестіру жұмыстарын жүзеге асырды.

    Halyk қайырымдылық қорының басқарушы директоры Нариман Әбілшайықовтың айтуынша, қор үшін шетелде тұратын әрбір қазақ баласының тарихи Отанмен байланысын нығайту – маңызды бағыттардың бірі.

    «Биылғы құрылтай – бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқан серіктестіктің нақты нәтижесі. Балалардың бұл сапардан жарқын әсер алып қана қоймай, өздерінің қазақы болмысын тереңірек сезініп қайтуына жағдай жасау – біздің басты мақсатымыз болды. Өйткені ұлттық құндылық пен тарихи жады – ұлттың болашағын айқындайтын ең маңызды негіздердің бірі», – деді Нариман Әбілшайықов.»

    Айта кетейік, бұл бастама өткен жылы да өз жалғасын тапқан болатын. 2025 жылы Ақмола облысындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткен «Мен Qazaqпын» халықаралық балалар құрылтайына әлемнің жеті елінен 288 бала қатысып, Қазақстанның тарихымен, мәдениетімен және ұлттық салт-дәстүрімен жақын танысқан еді. Биылғы «Атамекен» құрылтайы сол игі дәстүрді жалғастырып, әлемнің түкпір-түкпіріндегі қазақ балаларының жүрегін тарихи Отанмен тағы бір мәрте жақындастырды.

    Балалар қандастар тынығу лагері
    Previous ArticleАйнұр Әбдірәсілқызының Қожа Ахмет Ясауи туралы монографиясы мен пьесасы жарық көрді
    Next Article «Надан болып өмірден өткім келмейді»: 87 жастағы қария университетке оқуға түсті
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.