Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Мобильді аударымдар: 2026 жылдан бастап кімнің шоты тексеріледі?
    Жаңалықтар

    Мобильді аударымдар: 2026 жылдан бастап кімнің шоты тексеріледі?

    SalemnewsSalemnews08.12.2025102 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    2026 жылдан бастап мобильді аударымдарға қатысты өзгерістеп күшіне енеді, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі. Бұл өзгерістер жаңа Салық кодексіне енгізілген.

    Банк қандай ақпаратты салық органдарына береді?

    Салық кодексінің нормаларына сәйкес, банктер енді жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметтен табыс алуға ұқсас операциялары байқалған шоттары туралы мәліметтерді Мемлекеттік кірістер органдарына беруге міндетті.

    Мұндай операцияларды анықтау тәртібін және берілетін ақпараттың тізбесін уәкілетті орган Ұлттық банкпен келісіп бекітеді.

    Осы нормаларды іске асыру үшін 2025 жылғы 12 қарашада ҚР Қаржы министрінің №698 бұйрығы қабылданды. Бұйрықта:

    • банктерден мемлекеттік кірістер органына берілетін мәліметтердің тізбесі;
    • кәсіпкерлікке ұқсас ақша қозғалысын анықтау өлшемшарттары;
    • ақпарат беру тәртібі мен мерзімдері толық айқындалған.

    Кәсіпкерлікке ұқсас операция деп нені айтады?

    Егер жеке тұлғаның шотындағы операция төмендегі екі шартқа бір уақытта сәйкес келсе, ол кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс белгісі болып есептеледі:

    1. 3 ай ішінде 100 және одан көп әртүрлі жеке тұлғадан ақша түсуі;
    2. Түскен қаражаттың жалпы сомасы ең төменгі жалақының (ЕТЖ) 12 еселенген мөлшерінен асуы.

    2026 жылғы есеп бойынша бұл сома – 1 020 000 теңге.

    Бұл талаптар кәсіпкерлікке арналмаған жеке банктік шоттарға қатысты қолданылады.

    Мысал:

    Егер азамат өзінің жеке шотына мобильді аударым арқылы:

    • Наурызда – 100 немесе одан көп адамнан;
    • Сәуірде – 100 немесе одан көп адамнан;
    • Мамырда – 100 немесе одан көп адамнан
      және жалпы сомасы 1 020 000 теңгеден асатын ақша алса, оның мәліметтері банктер арқылы Мемлекеттік кірістер органдарына жіберіледі.

    Осыдан кейін не болады?

    Банктер мәлімет жібергеннен кейін, кірістер органдары камералдық бақылау жүргізеді. Егер сәйкессіздік табылса, азаматқа тиісті хабарлама жолданады.

    Азамат хабарлама алған кезде екі нұсқа болады:

    Келіссе:

    — тиісті салық кезеңі үшін қажетті салықтық есептілікті тапсырады.

    Келіспесе:

    — түсініктеме жібереді және келіспеу себептерін растайтын құжаттарды ұсынады.

    Түсініктеме ішінде мынадай ақпарат болуы тиіс:

    • салық төлеушінің және салық органының деректері;
    • хабарламаның күні мен нөмірі;
    • келіспеу себептері;
    • қолтаңба және күні;
    • дәлел құжаттардың тізімі (бар болса).

    Егер хабарламадағы кейбір дерекпен келіссе, ал кейбірімен келіспесе – онда азамат сол бөлігін түзетіп, қалғанына түсінік беруі қажет.

    Сонымен кім бақылауға ілінеді?

    Бұл бақылау кез келген азаматқа қатысты жүргізіледі, егер оның шотында жоғарыда көрсетілген өлшемшартқа сәйкес операциялар анықталса.

    Яғни, мобильді аударымдарды бақылау тек белгілі бір тұлғаларға ғана емес, кәсіпкерлікке ұқсас табыс алатын барлық жеке тұлғаға қатысты болды.

    салық
    Previous ArticleҚауіп пен сақтық: Қызылорда жастарының жарқын келешегі
    Next Article Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының жаңа директоры тағайындалды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қазақстанда кәсіпкер грант ретінде бөлінген 297 миллион теңгені жымқырып, лизингке көліктер алған

    20.11.2026

    Қазақстанда учаскелік дәрігерлер мен психологтардың жалақасы қаншалықты өседі

    20.11.2026

    Енді қазақстандық салық төлеушілерге алдағы төлемдер туралы автоматты түрде хабарлама келеді

    20.11.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 675 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 647 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.