Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Мемлекет басшысы Таиланд Премьер-министрінің орынбасарымен кездесті
    Жаңалықтар

    Мемлекет басшысы Таиланд Премьер-министрінің орынбасарымен кездесті

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова25.06.202612 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Ақорда


    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Сихасак Пуангкеткеомен кездесті, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

     Мәртебелі мейманға ілтипат білдіре отырып, Мемлекет басшысы оның елімізге сапары Қазақстан мен Таиланд арасындағы қарым-қатынастың дамуына тың серпін беру тұрғысынан маңызды екенін атап өтті.

    – Сіздің еліңіз Оңтүстік-Шығыс Азиядағы жетекші экономикалардың бірі, Жаһандық Оңтүстіктің маңызды өкілі әрі халықаралық қоғамдастықтың беделді мүшесі саналады. Қазақстан Таиландпен өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі. Келесі жылы елдеріміз арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 36 жыл толуын атап өтеміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Мемлекет басшысы екіжақты сауда-экономикалық байланыстар қарқыны үдеп келе жатқанына назар аударды. Бұған өзара визасыз режим, туристер ағынының жоғары көрсеткіші және іскерлік байланыстардың кеңеюі айтарлықтай септігін тигізіп отыр.

    – Қазақстан – Таиландтың Орталық Азиядағы ең ірі сауда серіктесі. Өңірмен жалпы тауар айналымының 70 пайызы біздің елімізге тиесілі. Әйтсе де әлеуетіміз әлі жеткілікті деп санаймыз. Қазіргі кезде Қазақстан нарығында 55 таиландтық компания тіркелген. Сізбен бірге елімізге үлкен бизнес-делегация келген екен. Қазақстан іскерлік байланыстардың нығаюын құптайды әрі Таиланд компанияларын еліміздегі инвестициялық мүмкіндіктерді қарастыруға шақырады, – деді Президент.

    Сихасак Пуангкеткео қонақжайлық танытқаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Таиланд Үкіметі Қазақстанмен сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді

    – Еліңіздің экономикалық жетістіктеріне шынайы тәнтіміз. Бүгінде Қазақстанның орта держава ретінде әлемдік аренадағы рөлі артып келеді әрі Таиландтың Орталық Азиядағы басты серіктесі саналады. Біздің еліміз Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығымен (АСЕАН) ықпалдастықты дамытуда дәнекер болуға дайын. Бұл ретте біз тиімді әрі өзара пайдалы ынтымақтастықты жолға қоюды ұсынамыз. Таиланд туризм, оның ішінде медицина туризмі, қонақ үйлер құрылысы, аса маңызды минералдарды жеткізу тізбегін дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттарында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі, – деді Премьер-министрдің орынбасары.

    Бұдан бөлек, Сихасак Пуангкеткео Таиланд Қазақстанның бірқатар бастамасын қолдағанын жеткізді. Олардың қатарында БҰҰ ЭСКАТО тұрақты даму мақсаттары үшін Азия-Тынық мұхиты цифрлық шешімдер орталығын ашу және БҰҰ құрылымы аясында Халықаралық су ұйымын құру туралы бастамалар бар.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Таиландтың АӨСШК қызметін дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтіп, халықаралық құрылымдар аясындағы нәтижелі ынтымақтастық үшін ризашылығын білдірді.

    Кездесу соңында Мемлекет басшысы Таиланд Премьер-министрі Анутин Чарнвиракулді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырып, ізгі сәлемін жолдады.

    Previous ArticleҚасым-Жомарт Тоқаев Mediterranean Shipping Company аға вице-президенті Эдуард Зигристті қабылдады
    Next Article Freedom Bank белгілі журналистің қосымшасын себепсіз бұғаттап тастады?
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.