Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Freedom Bank белгілі журналистің қосымшасын себепсіз бұғаттап тастады?
    Жаңалықтар

    Freedom Bank белгілі журналистің қосымшасын себепсіз бұғаттап тастады?

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова25.06.202632 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    фото: minber.kz

    Белгілі жазушы әрі журналист Өміржан Әбдіхалықұлы Freedom Bank өзінің банк қосымшасын еш себепсіз бұғаттап, мәселені шешудің орнына әуре-сарсаңға салғанын мәлімдеді, деп хабарлайды salemnews.kz. 

    Журналист оқиғаның мән-жайын өзінің Threads желісіндегі парақшасында баяндады. Оның айтуынша, банк қосымшасына түскен қаражатты аудару барысында техникалық ақаулар шығып, соңы бұғаттаумен аяқталған.

    «Freedom Bank банк қосымшасын себепсіз бұғаттап тастады. Оқиға былай болды. 24 күні кешке банк қосымшасына қаламақы жіберді. Фридом қосымшасынан қаражатты Kaspi bank қосымшасына аударуға бірнеше рет талпыныс жасадым: карта нөмірімен жіберілмей, «қателік пайда болды», «30 секундтан кейін қайталап көріңіз» деп ескерту шыға берді. Сөйтіп, телефон нөмірі бойынша аудармақ болған фридом банк қосымшасын бұғаттап тастады», — деді Өміржан Әбдіхалықұлы.

    Бұдан кейін ол бірден банктің 595 жедел желісіне хабарласқанымен, оператор оны WhatsApp мессенджеріндегі чат-ботқа сілтеген. Бот мәселені шешудің орнына қажетті құжаттар тізімі мен заңға сілтемелер жіберген соң, журналист 25 маусым күні Астана қаласы Қабанбай батыр көшесінде орналасқан банк бөлімшесіне өзі барған. Алайда бөлімшедегі қызметкердің әрекеті оған мүлдем түсініксіз болған.

    «Эльвира есімді банк қызметкері өтініш жазуымды сұрады — жаздым. Сосын Kaspi bank-тен соңғы 6 айдағы есепшот көшірмесін, соңғы 6 айдағы зейнетақы аударымдарын да Kaspi bank ден алдырды, бердім. Мұның бәрі не үшін дегенімде банк қызметкері «білмеймін» деді. Бұл екі жеке банк және зейнетақы деректерімді жоғарыдағы банк қызметкерінің whatsappына жібердім. Бәрін қабылдап алған соң, Эльвира: — Өтінішіңізді Алматыдағы бас кеңсеге жібердім, олар қарайды, сосын сізге хабарласады», — деді. — Қашан хабарласады? — дегенімде «білмеймін» деп қысқа қайырды. Сонда өтінішті қанша уақыт қарайды деп ем, «белгісіз, айта алмаймыз, 3-7 күн болар, нақты білмеймін» деді», — деді журналист.

    Өміржан Әбдіхалықұлы бұғаттауды бөлімшеде дереу шешіп береді деп үміттенгенін, алайда банктің бұл жауабынан кейін өзін карта бір аптада әрең дайын болатын 2000 жылдарға түскендей сезінгенін жеткізді. Ол қайта қоңырау шалып, банк қосымшасына жауапты мамандармен байланыстыруды сұраған кезде де операторлар оған тек күтуге кеңес берген. 

    Сөздерін естуге жүйкесі жетпей, тұтқаны қоя салған ол, ішке кіріп, банкке жазған өтінішін суретке түсіріп алған.

    «Банк қосымшасын не себепті бұғатталғанын ешкім түсіндірмеді. Зейнетақы және өзге банктегі деректерімді не үшін алғандарын да түсіндірмеді. Берілген өтініштің қашан қаралытыны, ол қанша уақыт алатыны белгісіз, ешкім білмейді. Қысқасы, журналистер күні қарсаңында Freedom Bank осындай әуре сарсаңға сап, жүйке талшықтарымды бір-бірлеп үзді», — деді Өміржан Әбдіхалықұлы.

    Previous ArticleМемлекет басшысы Таиланд Премьер-министрінің орынбасарымен кездесті
    Next Article Асылым Жақия жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.