Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Киік етін браконьерлердің сатпайтынына кім кепіл – министр жауап берді
    Жаңалықтар

    Киік етін браконьерлердің сатпайтынына кім кепіл – министр жауап берді

    SalemnewsSalemnews31.07.202532 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: istockphoto.com

    Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев халыққа сатылатын киік етінің сапасы қалай қадағаланатынын түсіндірді, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Оның айтуынша, қазір киіктердің еті ет комбинаттарына тапсырылады. Ол жерде санитарлық, ветеринарлық мамандар мен СЭС қызметкерлері жұмыс істейді. Барлық процедура қатаң сақталған.

    «Алдымен киіктердің мекен еткен орындары зерттеледі, эпизоотиялық жағдай тексеріледі, содан кейін ғана атылады. Ет комбинатында әртүрлі ауруларға қан талдауы, басқа да зертханалық сараптамалар жасалады. Тек осыдан кейін ғана ет сатылады. Сондықтан бұл жерде ет сапасына қатысты ешқандай күмән болмауы керек», — деді ол Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

    Сондай-ақ министр киік етін сатуы мүмкін браконьерлер туралы айтты.

    «Тауар сату жүйесі арнайы жүкқұжаттар арқылы жүзеге асады және әрбір ет комбинаты бұл рәсімді қатаң сақтайды. Еттің қандай да бір сауда нүктесіне кездейсоқ түсуі мүмкін емес. Бүгінде ет өнімдері сатылатын барлық сауда орнында ветеринарлық және СЭС қызметтері тексеріс жүргізеді. Тіпті сауда орындарының өзінде де бақылау бар. Сондықтан еттің рұқсат етілмеген жерде сатылуы мүмкін емес. Әрине, егер ол жол бойында, рұқсат етілмеген жерде сатылып жатса – бұл басқа мәселе. Бірақ қазіргі таңда еттің осындай заңсыз жолмен сатылып жатқанына сену қиын. Бұған қатысты бақылау өте қатаң», — дейді Нысанбаев.

    Естеріңізге салайық, шілде айының басында Батыс Қазақстан облысында киік аулау ресми түрде басталды. Ауланған киік еті арнайы белгіленген ет өңдеу кәсіпорындарына жеткізіліп, артынша халыққа сатылады.

    Броконьер Киік министр
    Previous ArticleҚыста Астана – Щучинск жолында 100 автокөлік соқтығысқан апатқа кім кінәлі?
    Next Article Қазақстандықтардың көпшілігі елдің даму бағытын қолдайды – сауалнама
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.