Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қыста Астана – Щучинск жолында 100 автокөлік соқтығысқан апатқа кім кінәлі?
    Жаңалықтар

    Қыста Астана – Щучинск жолында 100 автокөлік соқтығысқан апатқа кім кінәлі?

    SalemnewsSalemnews31.07.202541 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: ҚР ТЖД

    «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев Үкіметтегі баспасөз конференциясында қыста болған ірі жол-көлік оқиғасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Оның айтуынша, апатқа жүзге жуық көлік қатысқан.

    «3 қаңтарда Астана-Щучинск жолында сағат 11:30-да болған апатқа шамамен 97 автокөлік қатысқан. Бұл оқиға бойынша тиісті қылмыстық іс қозғалды. Сот процестері жүріп жатыр. Әзірге кінәлілер анықталған жоқ. Процесс жалғасуда», – деді Иманашев.

    Ол жол қызметтері мен полиция барлық қажетті шараларды орындағанын, бірақ барлық жүргізушілердің ережені сақтамағанын атап өтті.

    «Жол жүру барысында кейбір қатысушылардың жылдамдықты асырғаны камераға түсірілген. Сонымен қатар қозғалысқа шектеу болған, жол көрінбеген, сол кезде тұман болды. Сондай-ақ жол қозғалысына қатысушылар тарапынан жылдамдық режимін бұзу фактілері тіркелді», – деп атап өтті ол.

    Оның айтуынша, қазіргі уақытта компанияға шығынды өтеу бойынша талап-арыздар түспеген.

    жол апаты Шучинск
    Previous ArticleӨнеркәсіп саласында өндіріс көлемі 28,9 трлн теңгеге жетті – Үкімет
    Next Article Киік етін браконьерлердің сатпайтынына кім кепіл – министр жауап берді
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.