Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Көше мен келбет
    Жаңалықтар

    Көше мен келбет

    SalemnewsSalemnews05.10.202642 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Биыл қала бюджетінің қомақты бөлігі жол сапасын жақсартуға жұмылдырылды. Жалпы құны 38 млрд теңге болатын 23 жоба аясында ұзындығы 71,1 шақырымды құрайтын 71 көше күрделі жөндеуден өтіп, қайта жаңғыртылуда.

    Қала ішіндегі қозғалысты жеңілдетіп, магистралды жолдарға жүктемені азайту мақсатында келесі ірі нысандар бой көтерді. Атап айтар болсақ, «Бәйтерек» ауданында жаңа көпір бар. Оңтүстік магистралды канал арқылы өтетін бұл көпір жақында ғана пайдалануға берілді.

    Сонымен қатар Сағымбаев көшесін жаңғырту жобасының маңызы зор. Торайғыров көшесінен «Қызылорда-Құмкөл» автожолына дейінгі аралық толық жөнделіп, ел игілігіне табысталды.

    Ал көшелерді кеңейту мақсатныда Назарбаев даңғылы мен Тасбөгет кентіндегі Иманов, Бозғұл-1, Наурыз, Ш. Есенов көшелері плотинаға дейін кеңейтіліп, көлік кептелісі азайды.

    Қала билігі шет аймақтар мен саяжайларды да назардан тыс қалдырмады. Қазір кент пен ауылдық округтердің 32 көшесінде жұмыс қызып жатыр: 65 көшеге (27,2 шақырым) асфальт, 54 көшеге (21,9 шақырым) қиыршық тас төселді. Бұл шаралар қала аумағындағы «қара жол» мәселесін толықтай дерлік шешті деуге болады.

    Маңызды өткел

    Жанқожа батыр көшесіндегі теміржол өткелінің мәселесі бірнеше жылдан бері айтылып келді. Бүгінде құны 4,6 млрд теңгені құрайтын бұл жоба қаланың теміржол бөліп тұрған екі бөлігін біріктіріп, көлік кептелісін біржола жоймақ. Қазіргі таңда инженерлік желілерді көшіру аяқталып, көпір тіректері мен іргетастарын бетондау жұмыстары жүріп жатыр.

    Екіншісі – Сырдария арқылы өтетін автожол көпірі. Иса Тоқтыбаев көшесінен Сол жағалауды жалғайтын, жалпы құны 19,5 млрд теңге болатын алып нысанның капсуласы салынды. Оған биылға 3,0 млрд теңге, 2027 жылға 16,5 млрд теңге бөлу жоспарланған.

    Қалада алғаш рет «дайын күйде тапсыру» (ЕпиСи/EPC) моделімен құны 5,4 млрд теңге болатын «Қызылорда қаласының орталық көшелерін реновациялау» жобасы басталды. Бұл модель бойынша мердігер компания жобаны әзірлеуден бастап, құрылысты толық бітіргенге дейін өзі жауап береді.

    Жоспар бойынша А.Тоқмағамбетов, Қазыбек би, К. Бәйсейітова және Сұлтан Бейбарыс көшелері (жалпы ұзындығы 3,8 шақырым) бірыңғай сәулеттік дизайн-кодқа келтіріліп, жаяу жүргіншілер аймағы кеңейтіледі. Бос жатқан жерлер абаттандыру да жоспарға қосылған. Жобаны бастауға облыстық бюджеттен алғашқы 100 млн теңге бөлінді.

    Қала аумағының кеңеюі тазалық жұмыстарының да ауқымын арттырды. Осыдан он жыл бұрын «Қызылорда тазалығы» мекемесі 240 көшеге қызмет көрсетсе, бүгінде бұл көрсеткіш 826 көшеге жеткен. Жақында ғана коммуналдық мекемелерге 37 арнайы техника табысталып, материалдық-техникалық база айтарлықтай күшейтілгенін көрдік.

    Қала тұрғындары мен қонақтарының демалысы үшін де қолайлы жағдайлар жасалуда. Оның ішінде Президент саябағын жаңғырту, жаяу жүргіншілер көпірін салу, қорғаныс бөгеттерін нығайту жобалары бар.

    Түйін: Қызылорда қаласында атқарылып жатқан кешенді жобалар – аймақтың экономикалық әлеуетін арттырып қана қоймай, заманауи, таза әрі өмір сүруге жайлы шаһар құрудың айқын көрінісі. Даму қарқыны жоғары Сыр астанасы алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындыра бермек.

    Previous ArticleeGov GPT арқылы 100 мемлекеттік қызмет қолжетімді болады
    Next Article Елордада «Студенттік қалқан-2026» жобасының жеңімпаздары анықталды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қазақстанда кәсіпкер грант ретінде бөлінген 297 миллион теңгені жымқырып, лизингке көліктер алған

    20.11.2026

    Қазақстанда учаскелік дәрігерлер мен психологтардың жалақасы қаншалықты өседі

    20.11.2026

    Енді қазақстандық салық төлеушілерге алдағы төлемдер туралы автоматты түрде хабарлама келеді

    20.11.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 675 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 647 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.