Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»eGov GPT арқылы 100 мемлекеттік қызмет қолжетімді болады
    Жаңалықтар

    eGov GPT арқылы 100 мемлекеттік қызмет қолжетімді болады

    SalemnewsSalemnews02.10.202643 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Қазақстанда eGov GPT сервисі арқылы қолжетімді мемлекеттік қызметтер санын жыл соңына дейін 100-ге жеткізу жоспарланып отыр. Ал келесі жылы жүйе барлық мемлекеттік қызметті қамтуы мүмкін. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Шыңғыс Оразалимов AI & Digital Bridge 2026 форумында.

    Оның сөзінше, форум аясында GovTech бағыты бойынша бірқатар жаңа жоба таныстырылған. 

    Олардың қатарында eGov 3.0, eGov Business және eGov GPT бар. Соның ішінде eGov GPT қазірдің өзінде eGov Mobile қосымшасы арқылы азаматтарға қолжетімді.

    Біз контентті тұтыну форматын өзгертіп жатырмыз. Бұған дейін пайдаланушылар электронды үкімет порталына немесе қосымшасына кіріп, қажетті қызметті өздері іздейтін. Қазір жай ғана сұраныс (промпт) енгізу арқылы бірнеше секундтың ішінде қажетті қызметті алуға болады. Бұл – қызметті басынан аяғына дейін қамтитын шешім, – деді Шыңғыс Оразалимов.

    Оның айтуынша, бүгінде eGov GPT арқылы азаматтар 50-ге жуық мемлекеттік қызметті пайдалана алады. Жыл соңына дейін олардың санын 100-ге жеткізу көзделген. Ал келесі жылы барлық мемлекеттік қызметті қамту жоспарланып отыр.

    Сонымен қатар компания заңды тұлғаларға арналған қызметтерді де онлайн форматқа көшіруді көздеп отыр. Қазір кәсіпкерлердің бірқатары қажетті рәсімдерді орындау үшін тиісті ұйымдарға жеке баруға мәжбүр. Осы процестерді цифрландыру арқылы заңды тұлғаларға көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру жоспарланған.

    Ең қарапайым мысал ретінде құрылтайшыларды ауыстыру мен жарғыны қалыптастыруды айтуға болады. Біз заңды тұлғаларды дәстүрлі тәсілмен тіркеу процесін өзгерткіміз келеді. Кәсіпкер компания ашқан кезде банк шотын ашу мен банк картасын рәсімдеуге дейінгі барлық қызметті бір арна арқылы, бірден онлайн ала алатындай жүйе құруды көздеп отырмыз, – деді ол.

    Шыңғыс Оразалимовтің айтуынша, Қазақстан халқының цифрлық сауаттылығы жоғары. Бұған екінші деңгейлі банктердің онлайн қызметтерді дамытуы да ықпал еткен.

    Бүгінде уақыт – адам үшін ең құнды ресурстардың бірі. Сондықтан ешкім бұрынғыдай мекемелерге барып, кезекте тұрғысы келмейді. Азаматтар үйден шықпай-ақ, қажетті қызметті телефон арқылы бірден алуға ұмтылады. Халықтың цифрлық қызметтерді белсенді пайдалануы да соны көрсетеді. Бұған елімізде қалыптасқан цифрлық инфрақұрылымның ықпалы зор, – деді ол.

    Сондай-ақ спикер Қазақстанның цифрлық шешімдерді басқа елдермен бөлісуге дайын екенін атап өтті. Оның сөзінше, AI & Digital Bridge форумы тәжірибе алмасуға және халықаралық серіктестікті дамытуға мүмкіндік береді.

    Қазақстан – технологиялық тұрғыдан дамыған ел. Қазір бізде жүзеге асқан шешімдерді серіктестерімізбен және көршілес мемлекеттермен бөлісетін кезеңге жеттік. Сонымен қатар басқа елдердің тәжірибесін де зерделеу маңызды. Бұл мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың көзқарасын өзгертуге, бюрократиялық кедергілерді азайтуға көмектеседі, – деді Шыңғыс Оразалимов.

    Ол жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту Қазақстан үшін экономикалық өсудің жаңа моделін қалыптастыруға мүмкіндік беретінін де айтты. Бұл ретте елдің энергетикалық әлеуетін тиімді пайдалану мен шетелдік технологиялық компанияларды тартудың маңызына тоқталды.

    Болашақ экономикасының негізі – энергетикалық ресурстарды технологияның игілігіне жарату. Қазақстанға ірі компаниялар келіп, инвестиция салуға және өз технологияларымен бөлісуге дайын. Біздің энергетикалық ресурстарымызды тиімді пайдалану арқылы жаңа экономикалық модель қалыптастыруға болады. – деді ол.

    Previous ArticleДания Қазақстанмен серіктестікті кеңейтеді
    Next Article Елордада «Студенттік қалқан-2026» жобасының жеңімпаздары анықталды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.