Ешқандай тұрғын үй, жылусыз, су жүйесімен жабдықтаусыз, керек болса канализациясыз болмауы мүмкін емес. Қажет болған жағдайда, басқа шаруашылық-тұрмыстық жүйелерді қоспағанда, ғимарат қалалық коммуникациялардан алыс орналасқан жағдайда да, тұрғындар жайлы жағдай жасауға тырысады.
Кәріз жүйесі — адам тіршілігінің шаруашылық-тұрмыстық және жаңбырлы сарқынды суларды, сұйық өнімдерді шығаруға арналған сумен жабдықтау мен су бұру жүйесінің құрамдас бір бөлігі. Сондықтан шаһар басшысының тапсырмасына сәйкес, қала әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов бастаған жұмысшы топ «Қызылорда су жүйесі» кәсіпорнына қарасты кәріз насос станцияларының жай-күйіне зерделеу жүргізді.
Тұрғындарға коммуналдық қызмет көрсетуде және халықтың өмір сүру сапасын қамтамасыз етуде маңызды салалардың бірі саналатын кәріз жүйесі тоқтаусыз жұмыс жасау қажет. Бұл бағытта жұмысшы топ №6 «Южный», №101 орта мектеп жанындағы кәріз насос станциясы, Саяхат тұрғын ауданындағы шағын КНС, натрий гипохлоридін өндіру қондырғысы нысандарын аралап, олардың қазіргі уақытқа бейімдеу, жүйені жаңғырту жұмыстарын көрді.

