Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Ақтөбе – Ұлғайсын жолы кезең-кезеңімен қайта жаңартылып жатыр
    Жаңалықтар

    Ақтөбе – Ұлғайсын жолы кезең-кезеңімен қайта жаңартылып жатыр

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова14.05.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Көлік министрлігі


    Қазақстанда стратегиялық маңызы бар және Ақтөбе облысының аумағы арқылы өтетін Ақтөбе – Ұлғайсын көлік дәлізін қайта жаңарту жобасын іске асыру жалғасып жатыр. Жолдың жалпы ұзындығы 262 шақырымды құрайды және ол 7 дербес учаскеге бөлінген, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары ұзындығы 28,1 шақырым болатын учаскеде жүргізілуде. Жоба 2024-2028 жылдар аралығында жүзеге асырылады. 2025 жылдан бастап аталған учаскеде асфальтбетон жабыны төселген жолдың бір жағымен қозғалыс ашылды.

    Нысанға 102 бірлік техника мен 115 қызметкер тартылған. Жұмыстардың жалпы көлемінің шамамен 40%-ы орындалды: негізгі жер жұмыстары аяқталды, жасанды құрылыстар салынды, жол қабаттарының көп бөлігі төселді, қажетті құрылыс материалдары дайындалды, сондай-ақ өндірістік базалар пайдалануға берілді. Осы учаскедегі жұмыстарды толық аяқтау 2028 жылдың соңына жоспарланған.

    Жолдың 234 шақырымды құрайтын негізгі бөлігі реконструкция жұмыстарына дайындық кезеңінде тұр. Қажетті процедуралар аяқталғаннан кейін мердігер ұйымдармен келісімшарттар жасалып, осы учаскелерде құрылыс-монтаждау жұмыстары кезең-кезеңімен басталады.

    Реконструкциялаудың барлық кезеңдері аяқталғаннан кейін жол I техникалық санатқа сәйкес болады, бұл неғұрлым жайлы әрі қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етеді, сондай-ақ рұқсат етілген қозғалыс жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.

    Бұл бағытты дамыту Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жүзеге асырылуда, өйткені жоба Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлерінің көліктік байланысын, сондай-ақ елдің халықаралық транзиттік әлеуетін дамыту үшін маңызды мәнге ие.

    Previous ArticleКәріз жүйелерін жақсарту жалғасады
    Next Article Ердоған Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне Құран сыйлады
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.