Партияның қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қаламыздың батыс аймағында орналасқан білім ошағы Н.Ильясов атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының күрделі жөндеу жұмыстарын қадағалап қайтты, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.
Білім ордасының іргетасы 1983 жылы қаланған. Мектептің жобалық қуаты 1090 орын. 40 жылдан аса тарихы бар білім ошағы партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өтуде.
Қазіргі таңда ғимараттың ішкі жұмыстары бойынша қабырғаны тегістеу, сылау, кафельдер қою, есіктер мен линолиум төсеу жұмыстары толық аяқталған. Қосымша жұмыстарынан мектеп ғимаратының сыртқы ауласына балалар ойнайтын футбол алаңы салынуда.
Құрылысты «Қызылорда-Транс» ЖШС мекемесі жүргізуде. Қаржының бөлінуі мен құрылыс материалдарынан еш кедергі жоқ.
