Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Күн сайын тәтті сусын ішу асқазан обыры қаупін 145% арттыруы мүмкін – ғалымдар
    Жаңалықтар

    Күн сайын тәтті сусын ішу асқазан обыры қаупін 145% арттыруы мүмкін – ғалымдар

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова02.09.202611 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    ашық дереккөзден

    Қант қосылған сусындарды күнделікті тұтыну асқазан обырының даму қаупін айтарлықтай арттыруы мүмкін. Бұл туралы salemnews.kz тілшісі SciTechDaily басылымына сілтеме жасап хабарлады.

    Зерттеу нәтижелері Gastro Hep Advances ғылыми журналында жарияланған.

    Mass General Brigham онкологиялық институтының мамандары ұзақ жылдар бойы бақылауда болған 112 284 адамның деректерін зерттеген. Ғалымдар қатысушылардың тамақтану әдетін, өмір салтын және денсаулық жағдайын бірнеше онжылдық бойы бақылаған.

    Зерттеу барысында 278 адамға асқазан обыры диагнозы қойылған.

    Талдау нәтижесіне сәйкес, тәулігіне кемінде бір порция қант қосылған сусын ішетін адамдарда асқазан обырының даму ықтималдығы мұндай сусындарды айына бір реттен де сирек тұтынатындармен салыстырғанда 2,45 есе жоғары болған. Яғни қауіп шамамен 145%-ға артқан.

    Ғалымдар фруктозаны көп мөлшерде тұтыну мен ауру қаупінің жоғарылауы арасында да байланыс байқаған. Ал жасанды тәттілендіргіш қосылған төмен калориялы сусындардан мұндай әсер анықталмаған.

    «Бұл – АҚШ тұрғындары арасында қант қосылған сусындарды тұтыну мен асқазан обыры арасындағы байланысты көрсеткен алғашқы зерттеу. Асқазан обыры әлемде қатерлі ісіктен болатын өлім-жітімнің негізгі себептерінің ішінде бесінші орында. Алайда диетаның бұл аурудың дамуына қалай ықпал ететіні туралы мәліметіміз аз», – деді зерттеудің аға авторы, гастроэнтеролог әрі эпидемиолог Эндрю Т. Чан.

    Зерттеуде қант қосылған сусындарға газдалған сусындар, пунш, лимонад және спорттық сусындар енгізілген. Ал жасанды тәттілендіргіші бар сусындар санатына калориясы төмен газдалған сусындар жатқызылған.

    Previous Article«Жүрегімнің ішіндегі жүрегім»: Сәкен Майғазиев жұбайына әсерлі жазба арнады
    Next Article Түркі әлемі фотосуретшілерінің Мажарстандағы тарихи сапары
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Алматыда дәрігерлер салмағы 740 грамм болып туған нәрестені аман алып қалды

    05.09.2026

    Қарқаралы орманында бұландар фототұзаққа түсті

    05.09.2026

    Екібастұзда 30 жыл темекі шеккен ер адам екі аяғынан айырылып қала жаздады

    05.09.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 666 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.