Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Газбен қамтамасыз ету жүйесінің дайындығы көз қуантарлық
    Жаңалықтар

    Газбен қамтамасыз ету жүйесінің дайындығы көз қуантарлық

    SalemnewsSalemnews21.08.202572 Mins Read
    A closeup of industrial pipelines around a factor on a sunny day
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: freepik.com

    Қыстың қамына ерте кіріскен аймақ мамандары тұрғындарды газбен үздіксіз қамтамасыз етуге барынша күш салуда. Қызылорда қалалық газбен қамтамасыз ету жүйесінің күнделікті жұмысы мен алдағы жылу маусымына дайындық шаралары таныстырылды, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Журналистер қала ішінде орналасқан бірқатар нысандарды аралап, мамандардың жұмыс барысымен жақыннан танысты. Сала өкілдері газ құбырларының техникалық жай-күйі, қауіпсіздік шаралары және жоспарлы жұмыстар туралы жан-жақты мәлімет берді. БАҚ өкілдері өз кезегінде сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді.

    Аймағымызда көгілдір отын тұтынушыларының саны жылдан жылға артып келеді. Бүгінгі таңда аймақта 147 995 абонент газға қосылған. Бұл көрсеткіш тұрғындардың тұрмыс сапасын арттырып қана қоймай, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына да оң әсерін тигізуде.

    Облыстағы газ жүйесін қалыпты ұстау және оны үздіксіз жеткізу мақсатында «QazaqGaz Aimaq» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы үлкен ауқымда жұмыс жүргізіп отыр. Қазіргі таңда филиалдың теңгерімінде ұзындығы 4250,4 шақырымды құрайтын газ құбыры бар.

    — Қысқы маусымға дайындық жұмыстарын біз сәуір айының 15-інен бастадық. Тамыз айының соңына дейін толық аяқтап, жүйені сақадай сай ету — басты мақсатымыз. Бұл ең әуелі облыс тұрғындарының үздіксіз әрі сенімді газбен қамтылуын қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінде барлық жоспарланған жөндеу және техникалық қызмет көрсету шаралары толық орындалды. Құбырлар мен газ реттеу нысандары тексеріліп, ақаулар жойылды. Сонымен бірге мамандар арнайы оқу-жаттығулардан өтіп, кез келген жағдайға дайындықтарын шыңдауда. Алдағы жылыту кезеңінде халық пен әлеуметтік нысандарды тұрақты газбен қамтамасыз ету — біздің негізгі міндетіміз. Осы мақсатта филиал ұжымы бар күшін салып жұмыс істейтін болады, — деді «QazaqGaz Aimaq» АҚ директорының міндетін атқарушы Бауыржан Әбдіғаппарұлы.

    Келер жылыту маусымына толыққанды дайындық жасау үшін арнайы паспорт әзірленіп, ол облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен келісілген. Жоспарға сәйкес барлық ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары орындалды.

    Дайындық кезеңінде бірқатар маңызды шаралар жүзеге асырылды. Мамандар оқу-жаттығулар өткізіп, газ реттеу пункттері мен шкафтық пункттерге жөндеу жұмыстарын жасады. Жер үстіндегі ажыратқыш құрылғыларға техникалық қызмет көрсетіліп, газ реттеу пункттерінің жылыту жүйесі де әзірленді. Сондай-ақ катодты қорғау құрылғылары тексерістен өтті.

    Филиал мамандарының мәлімдеуінше, бүгінде Қызылорда облысы алдағы күзгі-қысқы жылыту маусымына толық дайын. Ал баспасөз-турына қатысқан журналистер өндірістік нысандарды аралау барысында атқарылған жұмыстардың ауқымымен танысып, сала қызметкерлерінің жүйелі еңбегін жоғары бағалады.

    Газ Қызылорда
    Previous ArticleҮлкен спорттың іргетасы ауылдан қаланады
    Next Article Қызылордалық кәсіпкер су маржанын өсіру арқылы өңірді дамытуда
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қазақстанда бір күнде 8 орман өрті тіркелді

    14.08.2026

    Шымкентте өзен ағысы алып кеткен қыздар құтқарылды

    14.08.2026

    Астанада екі жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті

    14.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 664 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.