Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Елена Рыбакина «Уимблдон-2025» турнирінің екінші айналымына шықты
    Жаңалықтар

    Елена Рыбакина «Уимблдон-2025» турнирінің екінші айналымына шықты

    SalemnewsSalemnews02.07.202531 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Olympic.kz

    Әлемнің 11-ракеткасы Елена Рыбакина Лондонда (Ұлыбритания) өтіп жатқан «Уимблдон-2025» турнирін ірі жеңіспен бастады, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Алғашқы матчта ол әлемдік рейтингте 49-орында тұрған армениялық Элина Аванесянды 6:2, 6:1 есебімен сенімді жеңді.

    Матч 1 сағатқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина үш эйс жасап, бір қос қате жіберді және алты брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.

    Екінші айналымда Рыбакина Грекия өкілі Мария Саккаримен кездеседі.

    Айта кетейік, турнирдің жекелей жарыс кестесінде Қазақстан атынан тек Елена Рыбакина ғана қалды. Александр Бублик, Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев және Юлия Путинцева бірінші айналымнан аса алмады.

    Елена Рыбакина Уимблдон-2025
    Previous ArticleОралда инвесторға 33 млн теңге заңсыз айыппұл салынған
    Next Article Қызылорда: 60 отбасы баспаналы болды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Астанадағы өрттен қаза тапқан үш баланың анасы есін жиды

    17.04.2026

    Өзбекстанда Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған кеш өтті

    17.04.2026

    Баян Алагөзоваға «Қыз Жібек» фильміндегі кейіпкердің камзолы сыйға берілді

    17.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 615 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 631 Views

    Карбоновое земледелие: выход ли для климатических проблем Казахстана?

    17.12.20255 469 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.