Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қызылорда: 60 отбасы баспаналы болды
    Жаңалықтар

    Қызылорда: 60 отбасы баспаналы болды

    SalemnewsSalemnews02.07.202582 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Мемлекет осал топ санатындағы отбасыларға қолдау көрсетуді тоқтатқан емес. Соның жарқын бір дәлелі – баспана табыстау сәті. Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев әлеуметтік осал топ санатындағы отбасыларға сол жағалаудан салынған 60 пәтерлік тұрғын үйдің кілтін табыстады. Осылайша, тағы бір топ отбасы баспаналы болды.

    Пәтір кілтін табыстау шарасына Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеумбетов қатысты. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қуанышқа куә болды.

    «Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыты екенін атап өтті. Бұл мақсатта ауқымды жұмыс атқарылуда. Соңғы үш жылда облысымызда қаржыландырудың барлық көзінен 2 млн. 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарына 4 мыңға жуық пәтер, жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтарға пәтерлер сатып алынып, 9 мыңға жуық отбасы үйлі болды.Биыл ұлтымыздың тарихи «Қазақ» атауының қайтарылғанының, Қызылорданың Қазақ елінің астанасы болғанының 100 жылдығы кең көлемде аталып өтуде. Мерейлі жыл аясында сәулеті келіскен әсем де замануи ғимараттар бой көтеріп, ел игілігіне айналуда. Бюджеттен тұрғын үй құрылысы мен жеке салушылардан дайын пәтерлер сатып алуға 50 млрд. теңге бөлініп, 2 765 пәтер табысталады. Бүгін осы жұмыстардың нәтижесі мен қуанышты сәтіне өздеріңізбен бірге жетудеміз. Бұл – мемлекеттің қолдауын сезініп, баспаналы болуға ниет еткен әрбір отбасы үшін ерекше күн! Баспаналы болу ата-ананы да, балаларды да жақсылыққа жетелейді. Жаңа қоныстарыңыз татулық пен берекенің ордасына айналсын!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

    Облыс әкімі жаңа қоныс иелерін құттықтау сәтінде өңірдегі ауқымды жобаларды тілге тиек етті ға тоқталды. Бүгінде Қызылорда қаласының көпқабатты тұрғын үйлеріне ыстық су қосылуда. Алдағы жылу беру маусымында пәтерлер ыстық сумен қамтамасыз етіліп, жыл соңына дейін газдандыру деңгейі 83 пайызға жеткізіледі.

    2023-2025 жылдары 1 232 шақырым автомобиль жолдары мен көшелерді, 18 көпір өткелін салуға, күрделі жөндеуге 121 млрд. 500 млн. теңге бөлініп, жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайыз болды. Биыл 329 шақырым жол жөнделіп, жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 95 пайызға жетеді.

    Облыста Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Қызылорда қаласында 215 млрд теңгеге қуаттылығы 240 МВт жаңа жылу-электр орталығы салынуда. Президенттің Катар еліне жұмыс сапары аясындағы үкіметаралық келісімге сәйкес, қуаттылығы 1100 МВт, құны 892 млрд теңге болатын бу-газ қондырғысын салу келісілді. Бұл мегажоба 2028 жылы толығымен іске қосылады.

    Рәсімде мердігер мекеме қызметкерлеріне облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды. Сенат депутаты Наурызбай Сейтқалиұлы, Мәжіліс депутаты Мұрат Абдуламитұлы құттықтау сөз сөйледі.

    баспана Қызылорда
    Previous ArticleЕлена Рыбакина «Уимблдон-2025» турнирінің екінші айналымына шықты
    Next Article Қызылордадағы стадионның құрылысы аяқталуға жақын
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Астанадағы өрттен қаза тапқан үш баланың анасы есін жиды

    17.04.2026

    Өзбекстанда Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған кеш өтті

    17.04.2026

    Баян Алагөзоваға «Қыз Жібек» фильміндегі кейіпкердің камзолы сыйға берілді

    17.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 615 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 631 Views

    Карбоновое земледелие: выход ли для климатических проблем Казахстана?

    17.12.20255 469 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.