Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Депутаттар Алматыдағы су тарту және су тазарту қондырғысының құрылысымен танысты
    Жаңалықтар

    Депутаттар Алматыдағы су тарту және су тазарту қондырғысының құрылысымен танысты

    SalemnewsSalemnews08.07.2025132 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Мәжілістің Баспасөз қызметі

    Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айдос Сарым мен Сергей Пономарев Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы су тарту және су тазарту қондырғысының құрылысымен танысты, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Стратегиялық нысан партияның 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Жоба Наурызбай ауданы мен Алматы облысына қарасты Қарасай ауданының бірқатар елді мекенін сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталған. Құрылысы биыл қараша айында аяқталады деп жоспарланған.

    – Өздеріңіз білесіздер, Наурызбай ауданы – Алматыға жаңадан қосылған, қазір белсенді дамып жатқан өңір. Оған іргелес жатқан Қарасай ауданының тұрғындары да осы аумаққа қарай бет бұрып жатыр. Бұл нысан — жалпы саны 100 мыңнан астам адамның ауызсу мәселесін шешетін маңызды кәсіпорын. Инженерлердің айтуынша, құрылыстың 85 пайызы аяқталған. Негізгі ғимараттар тұрғызылды. Егер жоспарланған мерзімде аяқталса, желтоқсан айында тұрғындар таза су тұтынуға мүмкіндік алады, – деді А.Сарым.

    Депутат Сергей Пономарев табиғи ресурстарды сақтау мен тиімді пайдалануға үлкен мән беру қажеттігін атап өтті. Су тарту станциясы табиғаты көркем Ақсай шатқалында орналасқан. Ақсай өзені – Алматының ең таза су көздерінің бірі. Сонымен қатар депутат жобаның сапасына, бюджет қаржысының тиімді игерілуіне және мердігер жұмысына жеке бақылау жүргізілетінін айтты.

    – Мұнда өнеркәсіп орындары жоқ, судың сапасы өте жоғары. Бұл жоба – экологиялық жауапкершіліктің де жарқын мысалы. Біз әлі де табиғаттың бергенін еркін пайдаланып жүрміз. Сондықтан осы байлықты қадірлеп, үнемдеуіміз керек. Қазір өзен лайланып тұр. Төменгі аймақтардағы тұрғындар сумен қамтылмай отыр. Себебі қолданыстағы жүйелер жүктемеге төтеп бере алмайды. Бірақ жаңа су тарту станциясы іске қосылған соң бұл түйткіл түбегейлі шешіледі. Қарашадан бастап таза су келеді, – деді С.Пономарев.

    Депутаттар құрылыс барысын тексеріп, мердігер ұйымдардың есептерін тыңдады, қаражаттың игерілуі мен экологиялық қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Айта кету керек, нысан Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық паркінің құрамына кіретін Ақсай орман шаруашылығының аумағында орналасқан. Су станциясы іске қосылғаннан кейін 70–80 тұрақты жұмыс орны ашылады. Оның ішінде судың сапасын бақылайтын зертхана да болады. Бұл өз кезегінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етеді.

    Алматы Қондырғы су тазарту
    Previous ArticleҚай елде еңбексіз бай болғандар көп? – зерттеу
    Next Article Президент су шаруашылығы саласының қызметкерлерін марапаттады
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 664 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.