Browsing: Жаңалықтар

Pexels Алматыдағы №2 қалалық перинаталдық орталығының дәрігерлері салмағы 740 грамм болып дүниеге келген нәрестенің өмірі үшін 80 күн бойы күресті. Жүктіліктің 26-аптасында шұғыл кесарь тілігі арқылы…

Видеодан скриншот Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзақ орманның ең ірі мекендеушілерінің бірі – бұланды тіркеп қалды. Ірі денесі, ұзын аяқтары және аталықтарының жалпақ мүйіздері…

istockphoto Павлодарлық кардиохирургтер Екібастұзда 30 жыл бойы темекі шеккен ер адамға күрделі ота жасап, аяғының қан айналымын қалпына келтіріп, ампутациялаудан сақтап қалды, деп хабарлайды salemnews.kz Almaty.tv-ға…

Depositphotos Ақтөбеде мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген 18 жастағы сарбаз соққыға жығылып, ауруханаға түскенін айтты, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі. Ұлттық ұланның мәліметінше тергеу басталды. «6655…

istockphoto Солтүстік Қазақстан облысындағы элеваторда астықты кептіру кезінде екі жұмысшы айналып тұрған механизмнен жарақаттанып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі. СҚО бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы…

Ұлттық ұлан Ақтау қаласында қоғамдық тәртіпті қорғау қызметін атқарып жүрген Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы 6656 әскери бөлімінің сарбаздары өрт кезінде қырағылық, жеделдік пен табандылық танытты,…

polisia.kz Шығыс Қазақстан облысында 69 жастағы Татьяна Владимировна Ригер өмірінде алғаш рет Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алды, деп хабарлайды  salemnews.kz ақпарат агенттігі. Ол ұзақ уақыт…

Қызылордада соңғы екі жылда қаланы абаттандыруға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылды. Саябақтар мен аулалар жаңартылып, тұрғындар үшін қоғамдық кеңістіктерді жақсартуға басымдық берілген. Қаладағы өзгерістердің негізгі бағыттарын…

Шымкенттегі Өзбекәлі Жәнібеков атындағыОңтүстік Қазақстан педагогикалық университетініңделегациясы Түркия Республикасына арнайыіссапармен барды. Сапардың негізгі мақсаты – биыл алғашқы талапкерлерін қабылдаған Гази университеті филиалының жұмысын жандандыружәне ғылыми-білім беру бағытындағыынтымақтастықты кеңейту. Қазақстандық делегацияны университеттіңБасқарма төрағасы – Ректоры Қайрат Балабиевбастап барды. Құрамда ректор кеңесшісі МұқашЕскендіров пен Ғылыми жұмыстар жәнеинновациялар жөніндегі проректор Ержан Керімбеков болды. Іссапар барысында делегация Гази университетінің ректоры, профессор Угур Уналменкездесті. Кездесуде екі жоғары оқу орныарасындағы серіктестікті одан әрі дамытумәселелері талқыланды. Тараптар Гази университеті филиалыныңқызметін халықаралық академиялық білім беру стандарттарына сәйкестендіру мәселесінетоқталды. Сонымен қатар ғылыми-зерттеубағытындағы бірлескен жұмыстарды күшейтугебасымдық берілді. Кездесу қорытындысында ортақ ғылымижобаларды әзірлеу және жүзеге асыру, профессор-оқытушылар құрамын зерттеу жұмыстарына тартужөнінде келісімдер жасалды. Сондай-ақдокторантура бағытындағы академиялықбайланыстарды дамыту мәселесі қарастырылды. Іссапар аясында қазақстандық делегация Гази, Анкара және Таяу Шығыс техникалықуниверситеттерінің бірлескен ғылыми-зерттеуорталығы – NÖROM қызметімен танысты. Орталықнейроғылым және нейротехнология салаларындаіргелі әрі қолданбалы зерттеулер жүргізугебағытталған. Делегация орталықтың құрылымы мен басқаружүйесін зерделеді. Сонымен қатар ғылымизертханалардың жұмысы, зерттеу жобаларынұйымдастыру тетіктері және университеттерарасындағы ғылыми кооперация тәжірибесіментанысты. Түркиялық әріптестердің тәжірибесі ӨзбекәліЖәнібеков атындағы ОҚПУ базасында заманауиғылыми-зерттеу хабын құру идеясын жүзегеасыруға негіз болмақ. Мұндай орталықуниверситеттер мен ғылыми ұйымдардың ғылымиәлеуетін біріктіруге мүмкіндік береді. Сапар барысында бірлескен зертханалар құру, халықаралық ғылыми жобаларға қатысу, докторанттарды даярлау және жас ғалымдардыңзерттеу әлеуетін арттыру мәселелері де талқыланды. Тараптар білім беру саласындағы серіктестіктіғылыми-зерттеу бағыттарымен ұштастыруғаниетті. Алдағы уақытта халықаралық деңгейдегібірлескен жобаларды жүзеге асыру және екі ел ғалымдарының байланысын нығайту бағытындағыжұмыстар жалғаспақ.