Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Ұландықтар Ақтауда өрттің алдын алды
    Жаңалықтар

    Ұландықтар Ақтауда өрттің алдын алды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова04.09.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Ұлттық ұлан

    Ақтау қаласында қоғамдық тәртіпті қорғау қызметін атқарып жүрген Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы 6656 әскери бөлімінің сарбаздары өрт кезінде қырағылық, жеделдік пен табандылық танытты, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.  

    Сағат 21:15 шамасында әскери жасақ 18-ші шағын ауданда патрульдеу кезінде №5 үйдің 7-ші қабатының балконынан өрт шыққанын байқап қалады. Жағдайды бірден бағамдап, өрттің іргелес үй-жайларға тез таралуы мүмкін екенін түсінген әскери қызметшілер дереу оны қолда бар құралдармен сөндіруге кіріскен.

    Қызметтік міндеттерін орындау кезінде батылдық танытқан әскери қызметшілер қатарында әскери жасақ бастығы қатардағы Самир Хайдаров, сондай-ақ патрульші жауынгерлер Бақыт Ақылжан мен Төлен Жасұлан бар.

    Оқиға туралы ақпарат кезекші қызметке де қатар баяндалған. Өрт сөндірушілер келгенге дейін әскери қызметшілер өрт ошағын оқшаулау және оның әрі қарай таралуын болдырмау үшін қажетті жедел шараларды қабылдады.

    Ұландықтардың ұқыптылығы мен үйлесімді әрекеттерінің арқасында жағдай уақтылы бақылауға алынды. Олардың кәсіби реакциясы мамандандырылған қызметтер келгенге дейін өрттің одан әрі таралуына жол бермеді.

    Previous ArticleҚонаевта 6 жастағы бала пәтерде қамалып қалған
    Next Article Солтүстік Қазақстанда екі жұмысшы ауыр жарақат алды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.