Шымкенттегі Өзбекәлі Жәнібеков атындағыОңтүстік Қазақстан педагогикалық университетініңделегациясы Түркия Республикасына арнайыіссапармен барды. Сапардың негізгі мақсаты – биыл алғашқы талапкерлерін қабылдаған Гази университеті филиалының жұмысын жандандыружәне ғылыми-білім беру бағытындағыынтымақтастықты кеңейту.
Қазақстандық делегацияны университеттіңБасқарма төрағасы – Ректоры Қайрат Балабиевбастап барды. Құрамда ректор кеңесшісі МұқашЕскендіров пен Ғылыми жұмыстар жәнеинновациялар жөніндегі проректор Ержан Керімбеков болды.
Іссапар барысында делегация Гази университетінің ректоры, профессор Угур Уналменкездесті. Кездесуде екі жоғары оқу орныарасындағы серіктестікті одан әрі дамытумәселелері талқыланды.
Тараптар Гази университеті филиалыныңқызметін халықаралық академиялық білім беру стандарттарына сәйкестендіру мәселесінетоқталды. Сонымен қатар ғылыми-зерттеубағытындағы бірлескен жұмыстарды күшейтугебасымдық берілді.
Кездесу қорытындысында ортақ ғылымижобаларды әзірлеу және жүзеге асыру, профессор-оқытушылар құрамын зерттеу жұмыстарына тартужөнінде келісімдер жасалды. Сондай-ақдокторантура бағытындағы академиялықбайланыстарды дамыту мәселесі қарастырылды.
Іссапар аясында қазақстандық делегация Гази, Анкара және Таяу Шығыс техникалықуниверситеттерінің бірлескен ғылыми-зерттеуорталығы – NÖROM қызметімен танысты. Орталықнейроғылым және нейротехнология салаларындаіргелі әрі қолданбалы зерттеулер жүргізугебағытталған.
Делегация орталықтың құрылымы мен басқаружүйесін зерделеді. Сонымен қатар ғылымизертханалардың жұмысы, зерттеу жобаларынұйымдастыру тетіктері және университеттерарасындағы ғылыми кооперация тәжірибесіментанысты.
Түркиялық әріптестердің тәжірибесі ӨзбекәліЖәнібеков атындағы ОҚПУ базасында заманауиғылыми-зерттеу хабын құру идеясын жүзегеасыруға негіз болмақ. Мұндай орталықуниверситеттер мен ғылыми ұйымдардың ғылымиәлеуетін біріктіруге мүмкіндік береді.
Сапар барысында бірлескен зертханалар құру, халықаралық ғылыми жобаларға қатысу, докторанттарды даярлау және жас ғалымдардыңзерттеу әлеуетін арттыру мәселелері де талқыланды.
Тараптар білім беру саласындағы серіктестіктіғылыми-зерттеу бағыттарымен ұштастыруғаниетті. Алдағы уақытта халықаралық деңгейдегібірлескен жобаларды жүзеге асыру және екі ел ғалымдарының байланысын нығайту бағытындағыжұмыстар жалғаспақ.
