Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Биыл «Каспий» биржасында 26 мың тоннадан астам битум сатылды
    Жаңалықтар

    Биыл «Каспий» биржасында 26 мың тоннадан астам битум сатылды

    SalemnewsSalemnews23.07.202532 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    «Каспий» тауар биржасы» АҚ 2025 жылдың бірінші жартыжылындағы битумның биржалық сауда-саттық нәтижелерін ұсынды. Жарияланған талдау баяндамасына сәйкес, бұл кезеңде «Каспий» биржа алаңында жалпы сомасы 1 317 млн теңгеге жалпы көлемі 26 365 тонна болатын 45 мәміле жасалды.

    Битум – бұл мұнайды өңдеу нәтижесінде алынатын жоғары тұтқыр мұнай өнімі. Ол автомобиль жолдарын, ұшу-қону жолақтарын, гидрооқшаулағыш жүйелерді және басқа да инфрақұрылымдық нысандарды салу мен жөндеуде кеңінен қолданылады.

    Жасалған мәмілелер бойынша орташа бағалар тоннасына 149 000 теңгеден 152 000 теңгеге дейінгі диапазонда болды.

    Сауда-саттық 15% биржалық қамтамасыз етумен қосарланған қарсы аукцион форматында өткізіліп жатыр, бұл ретте баға базалық бағадан 101%-дан аспауы тиіс, бұл әділ және бәсекелестік баға белгілеуді қамтамасыз етеді.

    Аталған кезеңдегі сауда-саттыққа белгіленген талаптарға сәйкес қатысуға жіберілген 9 сатып алушы компания және 2 сатушы қатысты.

    Қазақстанда битумға сұраныс әрқашан жоғары, әсіресе жол және құрылыс жұмыстары жанданатын көктем-жаз кезеңінде тұрақты түрде жоғары.

    Сауда-саттық нәтижелері «Каспий» тауар биржасының сарапшылары дайындаған Қазақстандағы битум нарығы бойынша талдау баяндамасына енгізілді. Құжатта сонымен қатар:

    – битум өндіру және тұтыну динамикасына шолу;

    – логистикалық және инфрақұрылымдық шектеулерді талдау;

    – импорт және экспорт туралы деректер;

    – биржалық сауданың нарықтық бағаны қалыптастыруға әсерін бағалау;

    – жеткізу жүйесінің өтімділігі мен тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар.

    Есептің толық нұсқасы биржаның ресми сайтында қол жетімді: https://ccx.kz/analytical-report-bitumen-market

    2021 жылы Қазақстандағы мұнай битумы Тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізуге жататын тауардың ең аз үлесі бар биржалық тауарлар тізбесіне және биылғы өндірістік жылға ішкі нарыққа жеткізуге жоспарланатын битумның жалпы жылдық көлемінің 10% мөлшерінде көрсетілген міндеттеме қолданылатын субъектілер санатына енгізілгенін айта кетейік.

    Міндеттеме битум өндірушілерге, оған меншік құқығымен тиесілі көмірсутек шикізатынан өндірілген битум иелеріне қолданылады. Битумды биржада құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігер ұйымдар ғана сатып ала алады.

    Жолға арналған битум сатып алушылардың тізбесі автомобиль жолдарын салу және жөндеу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

    Биржалық сауда құралы мердігерлік ұйымдардың битум өндірушілерден тікелей битум сатып алу мүмкіндігін қамтамасыз ету және сауда-саттықта қалыптасқан нарықтық бағаны анықтау мақсатында енгізілді.

    Биржалық сауда-саттық 2022 жылы тоқтатылып, 2023 жылдың наурызынан бастап қайта жанданған болатын.

    Айта кетейік, «Каспий» тауар биржасы» АҚ – мұнай өнімдерін, көмірді және цементті қоса алғанда, тауарлардың кең спектрімен сауда жасауға маманданған Қазақстанның жетекші биржалық алаңы. «Каспий» тауар биржасы» АҚ Энергетикалық биржалардың еуропалық қауымдастығына (EUROPEX) қауымдастырылған мүше ретінде кіреді. S&P Global халықаралық рейтинг агенттігінің ең жоғары ESG-бағасына ие.

    БҰҰ Жаһандық шартының толыққанды қатысушысы болған ТМД аумағындағы алғашқы биржалық алаң саналады. Сондай-ақ, «Каспий» – KASE Қазақстан қор биржасының ресми листингіне енгізілген елдегі жалғыз тауар биржасы.

    битум Каспий биржасы
    Previous ArticleҚызылорда қаласының бюджеті жартыжылдықта екі есе ұлғайды
    Next Article «Қуаты – 4 балл»: Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында жер сілкінді
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Астанадағы өрттен қаза тапқан үш баланың анасы есін жиды

    17.04.2026

    Өзбекстанда Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған кеш өтті

    17.04.2026

    Баян Алагөзоваға «Қыз Жібек» фильміндегі кейіпкердің камзолы сыйға берілді

    17.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 615 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 631 Views

    Карбоновое земледелие: выход ли для климатических проблем Казахстана?

    17.12.20255 469 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.